Сенбі, 23 Қараша 2024
Әне, көрдің бе? 4396 3 пікір 10 Тамыз, 2021 сағат 15:03

Дәрігерлер ауылдан неге қашады?

Қазіргі мынау, ауру-сырқаудың молайып кеткен заманында дәрігерлерге деген зәруліктің әлі де жойылмай отырғандығын жоққа шығаруға болмас. Аймақ басшылары: «Бұл бағытта біз бәрін де қатырып жатырмыз», - деп жоғары жаққа жағымды ақпарат беруден  жалықпайды. Алайда көп жерлерде сол «баяғы жартас бір жартас» күйінде қалып отырғандығын жасырудың өзі қиын.

Осы орайда, біздің Қостанай облысының да мақтанатын жөні жоқ. Қайта керісінше, халықты дәрігерлермен қамтуда біздің облыс көш соңында жүргендердің қатарында. Өзгесін былай қойғанда, облыс орталығында буын-буындары сырқырайтын жандардың ешбір жерден ем алуға мүкіндігі жоқ. Қалалық емхананың штатында ревмотолог деген дәрігер мүлдем қарастырылмаған. Ал облыстық ауруханадағы осындай жалғыз дәрігер түске дейін істейді де, түстен ауа ақылы емханаларға табыс табуға асығады. Мұндай сорақылықты көріп отырған облыстық денсаулық сақтау басқармасындағылардың мемлекеттік ауруханада істейтін дәрігерлердің аудан, қалалардан келетін сырқаттарды көзге ілмей, жарты күнін ақылы емханаларда өткізуі секілді «еркеліктеріне» қалай жол беріп отырғандығын түсіну қиын. Егер мемлекеттік мекемеден айлық алатын осындай дәрігерлердің барлығы да пациенттерді емдеуді емес, қашан ақылы жерлерге барып, табысқа кенелетіндігін ойлап отырса, қарапайым халықтың жағдайы не болмақ? Облыс деңгейінде мұны ойлап отырған жандарды кездестірмедік.

Ал енді қалалық жерлерде жағдай осындай болса, ауылдың күйі тіпті де адам аярлық. Бір ғана факті. Осыдан тұп-тура төрт жыл бұрын фтизиатр-дәрігер Серғазы Бердіханов Үкіметтің айтқанына сеніп, сондай-ақ, өзінің азаматтық парызын өтемек болып, дәрігер әйелі екеуі «Дипломмен - ауылға» бағдарламасы бойынша, жырақтағы Бейімбет Майлин атындағы ауданға ат басын тіреген. Алайда, осы уақыт ішінде үміті желге ұшқандай болды. Бейне бір өзге дені дұрыс баспана табылмағандай, бұл екеуіне төбесі тесік, қабырғалары құлағалы тұрған үйді ұсынған. Содан бері бұл екеуі ескі үйге жөндеу жұмыстарын жүргізумен әлек. Жауын жауса төбеден су ағады, жапсырма қағаздар қабырғадан ажырап кетеді...

- Біз осында медициналық көмек көрсету үшін арнайы бағадармамен келіп едік. Көптен бері жұмыс істейміз, пациенттеріміз де риза. Алайда мұнда алаңсыз еңбек етуге ешбір жағдай жоқ. Ал енді мұны көрген жас мамандар ауылға қайдан келсін - дейді  дәрігер Серғазы Бердіханов.

Обалы не, осындағы аурухананың бас дәрігері Бекболат Уәлиев қолынан келгенін істеуге уәде беріп отыр. Алайда оның да қолы қысқа. Аурухананың бюджетінде үйлерді күрделі жөндеуге делінген қаражат жоқ. Сөйтсе де, ол жас дәрігерді далада қалдырмауға бекініп отыр.

Ал енді аудандық әкімдік болса, «бізге ешқандай арыз-шағым түскен емес. Жалпы, күрделі жөндеуді сол үйдің тұрғындарының өздері шешеді», - деп бұл проблемадан басын алып қашып отыр.

Жайберген Болатов

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1469
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5406