Жұма, 20 Қыркүйек 2024
Жаңалықтар 2164 0 пікір 10 Шілде, 2009 сағат 11:08

Дәурен Қуат. Кер жақтарды бер жаққа тартудың уақыты өтіп барады

Еліміздің шығар күнін иығына қондырған алып Алтай тауының бөктеріндегі Өскемен қаласында қазақ балаларына арналған үш-ақ мектеп бар. Әлгі үш мектеп толы қазақтың ұлы мен қызы. Үш ауысыммен оқиды. Сынып бөлмелері жетпегендіктен мектеп директорлары амалдап,  барды жамап-жасқап, тіпті, дәретханалар мен жертөлелерде оқушыларға дәріс беріп отыр. Жә, мұның бәрі жоғарыдағы мақалада (Қараңыз: «Қаладағы қазақ балалары дәретханада оқып жатыр») тәптіштеліп тұрып-ақ жазылған. Салмақты, салқынқанды сабырмен жазылған мақаланы оқып отырып Өскемендегі жас ұрпақтың жаутаңкөз халіне, балаларының сондай күйі кеткен білім шаңырағына барып жүрсе де  ана тілінде оқып, тәлім-тәрбие алып шығуына мүдделі ата-аналардың төзімділігі мен көнбістігіне қайран қаласың. Бұл жайт тәуелсіз Қазақстанның өнеркәсіп орындары шоғырланған, старатегиялық маңызы ерекше бір қаласында емес, аштық пен жалаңаштықтан азат етілмеген, болашағы күмәнді елдерде ғана болатын ұсқынсыз тірлікке ұқсайды. Бірақ, қазақ балаларының басындағы осындай бейшара жағдайға  отандастарымыздың ортақтасып, жанашырлық танытуға азаматтықтары жетпейтін болып шықты. Қазақтың қабырағсын қайыстыратын іс - қазақтыкі ғана екен. Олардың паңкөректенген пайымдарына сүйенсек, қазақ тіпті өз жайын айтып жергілікті билікке мұңын шақпауы керек екен.

Еліміздің шығар күнін иығына қондырған алып Алтай тауының бөктеріндегі Өскемен қаласында қазақ балаларына арналған үш-ақ мектеп бар. Әлгі үш мектеп толы қазақтың ұлы мен қызы. Үш ауысыммен оқиды. Сынып бөлмелері жетпегендіктен мектеп директорлары амалдап,  барды жамап-жасқап, тіпті, дәретханалар мен жертөлелерде оқушыларға дәріс беріп отыр. Жә, мұның бәрі жоғарыдағы мақалада (Қараңыз: «Қаладағы қазақ балалары дәретханада оқып жатыр») тәптіштеліп тұрып-ақ жазылған. Салмақты, салқынқанды сабырмен жазылған мақаланы оқып отырып Өскемендегі жас ұрпақтың жаутаңкөз халіне, балаларының сондай күйі кеткен білім шаңырағына барып жүрсе де  ана тілінде оқып, тәлім-тәрбие алып шығуына мүдделі ата-аналардың төзімділігі мен көнбістігіне қайран қаласың. Бұл жайт тәуелсіз Қазақстанның өнеркәсіп орындары шоғырланған, старатегиялық маңызы ерекше бір қаласында емес, аштық пен жалаңаштықтан азат етілмеген, болашағы күмәнді елдерде ғана болатын ұсқынсыз тірлікке ұқсайды. Бірақ, қазақ балаларының басындағы осындай бейшара жағдайға  отандастарымыздың ортақтасып, жанашырлық танытуға азаматтықтары жетпейтін болып шықты. Қазақтың қабырағсын қайыстыратын іс - қазақтыкі ғана екен. Олардың паңкөректенген пайымдарына сүйенсек, қазақ тіпті өз жайын айтып жергілікті билікке мұңын шақпауы керек екен. Қазақтың басындағы тағдыр ашық талқылана қалса, ол дегеніңіз ұлтаралық қарым-қатынасқа сызат түсіреді екен. Сөзіміз дәлелді болсын. Мынаны оқыңыз:     

В отношении статьи «Дети казахской национальности города обучаются в туалетах»

В областной газеты «Дидар» № 82-83 от 3 июня 2009 года опубликована статья «Дети казахской национальности города обучаются в туалетах», корреспондента газеты «Дидар» Алибека Кантарбаева, который противопоставляет условия обучения детей в школах г. Усть-Каменогорска с казахским языком обучения и смешанных школах (статья прилагается).

Данная статья вызвала нездоровую реакцию среди этноориентированных общественных объединений г. Усть-Каменогорска.

В частности, активисты ВКФ РСД ЛАД при обсуждении статьи высказали мнение о том, что её содержание не соответствует действительности и способствует возбуждению межэтнической розни. При этом считают, что публикация статьи в государственной газете, отражает мнение местных органов власти по данному вопросу, что противоречит проводимой Правительством РК политики в сфере межнационального согласия.

Актив ВКФ РСД ЛАД намерен:

1. О факте публикации статьи направить информацию в центральный
комитет РСД ЛАД г. Кокшетау.

2. Обратиться  к  Акиму  ВКО  с  просьбой  разобраться  с  лицами
допустившими её выпуск. По результатам дать опровержение и информацию
о действительном положении дел в сфере образования.

3. В случае не исполнения подготовить по данному факту обращения в Совет «Соотечественников» РФ и Президенту РК.

 

Міне, біз өбектеп жолында өліп кете жаздайтын ұлт өкілдерінің ниеті. Газеттегі мақаланы дейді, ЛАД-тың Өскемендегі белсенділері, Көкшетаудағы орталық комитетке жолдау керек. Содан кейінгі талаптары ШҚО-ның әкімі әлгіндей мақала жазып жүрген газет басшылығымен жақсылап сөйлесіп, қателіктерін бетіне бассын. Газет кешірім сұрасын дегенге саяды.  Бұл талап - жүрегі еттен жаратылған жан баласының ойына кірмейтін талап. Бұл талап - жаны ашымастың ғана емес, шектен шығып маңайына шекелеп қарап үйренгеннің талабы. Сонда қазақ балалары қаусап біткен мектептерде бір партаға төрт бестен мінгесіп отырып оқуы керек пе? «Қазақта адам баласы ғой» (Абай). Қазақтың жас өскін жауқазын талап ұл қызы кең де жарық сарайларда оқып, заманауи білім алуға толық қақылы емес пе? Әлде ЛАД белсенділері қазақты адам санатына қоспай ма? Қала тұрғындарының әлеуметтік тұрмысынан алынып жазылғаннан өзге астары жоқ мақаланы алаулатып жалаулатып, бұрмалап, дау көтеріп жатқан ЛАД мүшелерінің әрекеті этносаралық жікке себеп болмаса, басқа себепті басы істейтін адамның (көрсоқыр, надан, тоңмойын ұлтшылдықтан биік тұратын адам деп түсініңіз) көре аламасы анық. Байыпты жазылған мақаладан құбыжық көріп байбаламға басып жүрген ЛАД «қайраткерелерінің» тірлігі қойдан жуас қазақ «қордасында» міленіп жата берсін, жарық дүниенің бетін көрмесін, озық білім алмасын дейтін қарау ниеттерін жайып салып тұрған жоқ па? Соның бәріне «әй, қойшы» деп қол сілтей салуға болатын еді. Алайда, жергілікті биліктің осы уақытқа дейін құр сөзбен құрық жонып түк бітірмегендеріне қарап қынжылмасқа амалың қаламайды екен.

Шығыс Қазақстан облысына осы күнге дейін Қажымұрат Нағымановтан басқа, қайратқа мініп, намысқа шабатын әкім бара қойған жоқ. Аспан асты, жер үсті алаяқатарының бәйгесін шаппай алатын Храпунов, шау тартқан шағында Қытайдағы елшіліктен оралып, ат басын шалдырған Кәрібжанов, олақ әйел пішкен тұлыптай тұрқының өзінен көңіл айнитын Бергенов дегендер ЛАД пен жаттың аузын бағып жайына кеткен сияқты. Қара көз қазақ баласына кеңес өкіметі кезінен салқын Өскеменде әлеуметтік-инфра құрылымдар  бүгінге дейін бүгілген белін жаза алмаған соң облыстарды біріктіріп оңтайландыру саясаты пәлендей шешімін таппаған сияқты.   Нақтысына жүгінсек, халқының саны басым Семей Өскеменге қарай көшіп, ішкі қоныстанудың нәтижесінде ұлттар арасындағы сан айырмашылығы теңесіп қалады деген дәме жаңағындай көлеңкесінен шошыған, дарынсыз,  істің мән жайын білмейтін кездейсоқ басшылардың қауқарсыздығынан еш жөнін таппаған секілді. «Бұға берсең, әрине, сұға береді». ЛАД пен жат шулайды екен деп қазақ балаларын осы уақытқа дейін дәретханаға қамап оқыту деген не сұмдық! Бұл керек десеңіз, Конституцияға қарсы әрекет қой. ЛАД арызын Мәскеуге жазады екен деп қалаға тұрғын үйлер салмау керек пе? Мысығы мен күшігіне дейін жеке бөлмесі бар орыстардың айналасына қазақ жастары келіп қоныстана бастаса, оның несі қиянат? Орыс ұлтының сөзін сөйлеген болып, күні өткен, зиянынан басқа пайдасы кем идеяларды тықпалап бағатын  ЛАД мүшелеріне бәлкім,  қазақтың қалқайып қатарға қосылғанын көрудің өзі қиын болар.  Олар мұндай қиындықтың қылша шатқалынан қалай өтерін өздері білсін. Ал елдегі әлеуметтік мәселелерді шешу жергілікті биліктің міндеті. Өйткені керауыз кер жақтарды бер жаққа тартып, жалпаңдаудың уақыты өтіп барады.   

0 пікір