Жұма, 18 Қазан 2024
Жаңалықтар 3512 0 пікір 7 Маусым, 2012 сағат 08:49

Әкім Ысқақтың айыбы не?

Әкім Ысқақты «жиендік жасады» дейтіндей Бердалы Оспан деген кім еді немесе орынсыз жабылған жалаға жаны күйген студенттер үні

Ғаламтордан жанымызды жабырқатар мына (http://www.zonakz.net/blogs/user/kto_dokazal_chto_general_sabir_raximov_kazax_/21862.html ) материалдарды оқып, шынымызды айтсақ, ыңғайсыз күйге түсіп отырғанымыз жасырын емес. Бұл шындық па, әлде жала ма? Шындық болса сұмдық екен!? Ал егер жала болса ше, онда тұңғыш қазақ тілінде заң жазған, өзіміз шығармаларын оқып, әндерін сүйсіне тыңдап жүрген ардақты жан Әкім Ысқақты аяқтан шалу болу шықпай ма? Бұл әңгімеден бізге керегі: тек әділдік пен ақиқат!

Әкім Ысқақты «жиендік жасады» дейтіндей Бердалы Оспан деген кім еді немесе орынсыз жабылған жалаға жаны күйген студенттер үні

Ғаламтордан жанымызды жабырқатар мына (http://www.zonakz.net/blogs/user/kto_dokazal_chto_general_sabir_raximov_kazax_/21862.html ) материалдарды оқып, шынымызды айтсақ, ыңғайсыз күйге түсіп отырғанымыз жасырын емес. Бұл шындық па, әлде жала ма? Шындық болса сұмдық екен!? Ал егер жала болса ше, онда тұңғыш қазақ тілінде заң жазған, өзіміз шығармаларын оқып, әндерін сүйсіне тыңдап жүрген ардақты жан Әкім Ысқақты аяқтан шалу болу шықпай ма? Бұл әңгімеден бізге керегі: тек әділдік пен ақиқат!

Әйтсе де, адамды сырттай қаралай салу түк емес! Біздер, көзі ашық студенттер, бұл әңгіменің не болса да анық қанығын өз көзімізбен көргіміз келді. Қәзіргі дамыған заманда бұрынғы жазылған дүниелерді табу қиындық тудырмады. Сол кездегі «Жас Алаш» газетінің тілшісі Әкім Ысқақ жазған дүниелерді мұрағаттан іздеп, тауып алдық. Бұл 1991 жылы 19-24 қыркүйек аралығында «Жас Алаш» газетінде «Генерал Сабыр Рақымов. Ол туралы не білеміз? Қазақтың тұңғыш генералы атанған оған неге төл республикамыз көңіл бөлмей келеді?» атты сериалы мақалалар екен. Әрбір сөйлеміне мән беріп, шынайы да, нақты жазылған газет беттерін қайраттанып, шабыттанып оқып шықтық. Сөздің шыны керек, әлі Кеңес Одағы деп аталатын уақытта намысты қозғап, жарияланған сол мақаладан кейін оқырмандар қауымы серпіліп, аталған жарияланымға үн қосыпты. Солардың тек бір-екеуін ғана назарларыңызға ұсынап отырмыз:

«Кебенек ішінде танылған ұл»

Жақында «Жас Алаш» газетінің бетінен Әкім Ысқақаовтың Кеңестер Одағының Батыры генерал-майор Сабыр Рақымов жөнінде жазылған топтама мақаласын оқыдық.

Бір түркі түбірден өсіп-өніп жеке-жеке дарақққа айналып кеткен өзбек пен қазақ халқы арасында, өзімшілдікті кейін серпіп тастап,ағайынды,ынтымақты сақтай отырып, шешетін бірнеше мәселе бар. Сол көп мәселенің бірі - Сабыр Рақымовтың тағдыры. Өзбек ағайынға рахмет. Кеудесінде алтын жұлдызы бар ағамызды ардақтай білгені,атына метро,көше беріп,кітап шығарып,арнайы көркем фильм түсіргені үшін. Алайда, шындық әйтеуір бір айтылу керек қой. Шыр етіп шаранаға оранып түскендегі шын ұлтын айтуда тұрған ерсілік жоқ. Бұл орайда Әкім Ысқақов ініміздің шырылдаған үнін толық қуаттаймын.

....Жетпісінші жылдары менің де денем қызып, Сабыр Рақымов тақырыбына біраз ізденгенім бар. Бірақ, кірісіп ізденіп жүрген кісілердің өзі тұмсығын тасқа соққан күй кешті. Одан әрі бұл тақырып тыншу тапты. Әрі батыр тағдыры - менің тісім батар тақырып болмады. Енді, міне Әкім Ысқақовтың мәселені орында көтерген мақалалар сериясы «Жас Алаш» газетінде жарық көрді...»

Құлбек Ергөбек («Жас Алаш» 5-қараша,1991 жыл)

Жедел хат

Әкім бауырым, «Генерал Сабыр Рақымов атты» дүниеңді оқып, тебірендім де, қуандым. Өз ұлтымыздың мерейі үшін қазақтың тұңғыш генералын танытап, халыққа жария еткенің үшін ризамын. Ел батырларын ардақтар кез жетті. Егер генерал ағамызға ескерткіш орнатылар болса, оның есеп қорына қажетті үлесімді қосуға әзірмін.

Сәлеммен, Абаш Кәкенов. Тарбағатай ауданы, Шығыс Қазақстан облысы («Жас Алаш» 5-қараша,1991 жыл)

Бірақ та, мұның арты осыншама үлкен дау-дамайға ұласатынын кім білген?

Досыңнан қорықпа, көп болса сатар,

Дұшпаныңнан қорықпа, көп болса атар,

Жамандыққа жылап,

Жақсылыққа қуанбайтын адамдардан қорық, - деп дана қазақ дұрыс айтқан екен.

Құрметті оқырман, Бердалы Оспан ағамыздың жоғарыдағы мақаласын оқып, жағамызды ұстадық. «Бар болса көре алмайтын, жоқ болса бере алмайтын» қалыптан қашан арыламыз екен осы?

Бердалы аға, «ашумен жасалған нәрсе ұятпен бітер» (Б.Франклин) дегенді естіп пе едіңіз? Бір батырымыздың қазақ екенін дәлелдеді екен деп мұнша дау-жанжал шығарғанымыз абыройымызға сын емес пе? Егерде халық қалаулысы, ұлт жанашыры Әкім Ысқақ «Сабыр Рақымовтың қазақ екенін дәлелдеген «мен» дегісі келген болса, онда 1991 жылы қыркүйек айында «Генерал Сабыр Рақымов» деген атпен жарияланған мақаласында «генералдың ұлты қазақ екенін дәлелдеуде еңбек еткен ғалым Әсілхан Оспанұлы» деп жазбас еді. Тіпті көзі тірісінде Әсілхан атамыздың өзі « Жас Алаш» газетінің 5-і қарашадағы 1991 жылғы нөміріндегі «Арманымыз орындалғандай» атты шағын мақаласында « Әкім Ысқақтың «Генарал Сабыр Рақымов» атты мақаласын оқып қатты қуандым. Өмірімнің өзегіндей болған асқар, алып арманымдай болып жүрген мәселем шешімін тапқандай сүйсіндім» деп баға бермес еді ғой!. Ендеше, Бердалы аға, ұрлықы дүниені қайдан көріп жүрсіз? Қайта әкеңіздің мәртебесін ұлықтай отырып, Сабыр Рақымовтың тұлғасын биіктете білген, өз халқына шынайы жүрегімен намыс отын ұшқындата отырып жеткізген Әкім ағаға риза болдық! Бүгінгі жас ұрпақ үшін Әкім Ысқақтың мұндай мәртебелі ісі, жалынды журналистік зерттеуі нағыз тәлім-тәрбие деп білеміз.

Ғаламтордағы мына мақалалар тура баяғы 37 жылдарды еске түсіреді. Қаншама жазықсыз жандар жалған сөздің, жағылған күйенің құрбаны болып, амалсыз атылып кетті емес пе?! Мынаны оқыған каншама жан, Әкім аға туралы теріс ой ойлаған да шығар, бәлкім?! Алғашқы кезеңде өзіміз де сондай ойда қалған жоқпыз ба? Біздің айтарымыз, жұртты шатастырмаңыз, Бердалы мырза! Кім екеніңізді білмейміз, сіз сияқты ағаларымыз «түймедей нәрсені түйедей етіп», жоқтан боқ шығарып отырса, өскелең ұрпақ,яғни біздер, кімнен тәлім-тәрбие, өнеге алмақпыз?

Бүгінгі таңда, тарих қойнауында қалып қойған сол батырымызды халықпен қайта қауыштырған азаматтарымыздың бірі - белгілі қоғам қайраткері, қаламгер Әкім Ысқаққа жағылған күйе екеніне біздің анық көзіміз жетті.

Әрине, ойы таяз, өресі төмен кей азаматтар үшін бұл ойын-күлкінің тақырыбы шығар (жоғарыдағы оқырман пікірі хақында) бірақ, терең ойлана түскен адамға бұл мәз боларлық дүние емес!

P.S.

Бердалы аға, жас болсақ та бір-бір бас болуға тұрарлық жайымыз бар деп ойлаймыз. «Ақыл - жастан» демей ме халқымыз. Қатты айтқан жеріміз болса айыпқа бұйырмаңыз.

Ғаламтордағы жалғандыққа үндейтін бұлматериалдарыңызды алыптастайды деген ойдамыз.

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті Филология факультетінің студенттері:

Берденова Айымгүл

Қондыбаева Гүлжанар

Үсенбаева Айгүл

Сүлейменова Перизат

Қондыбай Шолпан

Құрмет Қойшыбек

«Абай-ақпарат»

0 пікір