Жұма, 18 Қазан 2024
Жаңалықтар 2832 0 пікір 8 Маусым, 2012 сағат 07:59

Оразақ Смағұл, академик: Жұмысқа кірерде әрбір азаматтан "қазаққа қызмет етемін" деп қол қойдырып алу керек!

"Қазақстан «көпұлтты» емес, мұнда бір-ақ ұлт бар, ол - қазақ халқы. Ал, басқалары - тек этнос өкілдері" дейді ҚР ҰҒА академигі, Болония ғылым академиясының корреспондент мүшесі Оразақ Смағұл. Ол барлық халықты бір ұлттың мүддесіне жұмылдыруда Германия тәжірибесін үлгі етеді.

- «Астана ақшамы» газетіне берген сұхбатыңызда қазақ жерінен осыдан 7-8 мың жыл бұрын өмір сүрген адамдардың сүйектерін тапқаныңызды айтқан екенсіз. Олар гендік жағынан бүгінгі қазақтарға ұқсай ма?

- 4 мың, 5 мың жыл бұрын Көне Қазақ жұртында өмір сүрген тайпалардың гендік ерекшелігінің үштен бір пайызы бүгінгі қазақтардың дене құрылымында сақталып қалған. Яғни, қазақтар популяциясында биоәлеуметтік ерекшеліктерінің тамыры осыншама уақыт үзілмей, сақталып қалғаны мәлім. Сондықтан, қазақ туралы қытай жазбалары не айтты, парсы жазбалары не айтты, орыс не айтты - олардың бәрінің тарихи құндылығы генетикалық анықтамалығы жетпейді. Өз тарихымыз - өз сүйегімізде. Былайша айтқанда, тарихымыз өзіміздің генімізде, өзіміздің физиологиялық, морфологиялық ерекшелігімізде толыққанды орын алған. Егер біз 4 мың жыл бойы өзіміздің ерекшелігімізді сақтап қалған болсақ, онда әрі қарай да, яғни үстіміздегі үшінші мыңжылдықта да ұрпақтарымызды сақтау мүмкіндігіміз бар деп толық айта аламыз.

- Осы тарихтың ақтаңдақ беттерін ашып, шын тарихты жазып, жариялау тәуелсіздігімізді нығайтуға ықпал ете ме?

- Сөз жоқ, ықпал етеді. Ұрпақтарымызды тәрбиелеуге де шын тарихтың берері мол. Адам баласының тарихын алып қарасаңыз, қандай мемлекет, қандай патша болмасын, оның өзінің ұстанар саясаты, идеологиясы болған. Адам баласы тек қоғамдық өмір арқылы өмір сүреді, онсыз тіршілік ете алмайды. Былайша айтқанда, әркім өз бетінше өмір сүре алмайды, шашылып кеткен тары сияқты. Қоғам болған соң оның ортақ құндылығы болуы керек. Және соның бәрі халықтың игілігіне арналуы тиіс. Меніңше, біздің елімізде барлық игілік ең алдымен осы мемлекеттің негізгі иесі, қаншама қиыншылықты көріп, азаттыққа қол жеткізе алмай кеткен ата-бабаларымыздың рухына бас иіп, қазақтың бүгінгі ұрпақтарының мүддесіне арналуы керек.

- Бізде олай емес пе?

- Бізде орынсыз нәрселер көп. Мәселен, «көпұлттымыз», «басқа ұлттарға да қамқорлық жасауымыз керек» дейді. Ал, Көне жұртымызда 4 мың жыл бойы осы жерге иелік жасаған халық - қазақтар емес пе? Сондықтан, алдымен осы жер мен елдің иесіне, олардың ата-бабасына, бүгінгі ұрпағына бас исек, тарихи әділдік болмай ма? Қазақ халқының бастан өткерген тарихына сый-құрмет көрсетілуі қажет. Кез келген ұлт өздерінің қандай жерде тұрып жатқанын, оның өткені қандай болғанын, егемендікке дейін қандай қиыншылықтан өткенін ескеруі қажет. Егеменді ел ретінде, әрине, көпұлтты мемлекет шығармыз. Бірақ өзге ұлттардың барлығының мұқтажын тарихи отанында орындауға шама келгенше ұмтылып жатқаны мәлім. Біз қазақ халқының мұқтажын ұлттық дәрежеде орындауға міндеттіміз. Өйткені, басқа елдердің бәрі де алдымен өз халқының мүддесін іске асыруға ұмтылып жатыр.

- Бір сұхбатыңызда: «Қазақстан «көпұлтты» ел емес» деген екенсіз...

- Иә, Қазақстан «көпұлтты» емес, мұнда бір-ақ ұлт бар, ол - қазақ халқы. Ал, басқалары тек этнос өкілдері. Олар диаспора қатарына жатады. Өйткені, олардың басқа жақта өздерінің тарихи отандары бар. Мәселен, немістің отаны - Германия да, орыстың отаны - Ресей. Өзбектің отаны - Өзбекстан, тағысын тағы. Бұл жайды дұрыс түсіне білу керек. Қазақтың Қазақстаннан басқа отаны жоқ! Қазақтың Қазақстаннан басқа барар жері, басар тауы жоқ! Сондықтан, басқаларға теңдік беру қажет, бірақ, мемлекет деңгейінде қазақтың мүддесі бірінші қатарда тұруға тиіс!

- Өзіңіз де естіген шығарсыз, Қытайдың кейбір ұйғырлары қазақ болып жазылып, осында көшіп келіп жатты. Жалпы, құжатына қазақ болып жазылған татарлар да, ұйғырлар да аз емес. Осы орайда, қазақ болғысы келген өзге ұлттарды өзімізге сіңдіре беру үшін шежіре жазудың қажеті жоқ дейтіндер бар. Сіз қалай ойлайсыз?

- Ол дұрыс емес. Сонда қалай, біз басқа халықты сіңіру үшін өз тегімізден бас тартуымыз керек пе? Қазақтың қазақ деген тегін тек қазақтар, қазақтың ұрпағы ғана қорғай алады. Мәселен, Ұлы Отан соғысы жылдарында Венгрияда қаншама немістер, еврейлер «венгер» болып жазылып кеткен. Қазір олардың көпшілігі Үкімет басында отыр. Негізгі мадиярлардың мүддесін олар толық ойлап отырған жоқ. Мажарстанның көптеген байлығын сатып, ақшасын сыртқа шашып жатқаны да мәлім. Мен өзім 2008 жылы Венгрияда VІІ дүниежүзілік құрылтайда болғанымда осы жағдайды өз көзіммен көріп, қынжылып қайттым. «Мынау кім?» десең, «бұрынғы неміс» дейді. «Анау кім?» десең, «бұрынғы еврей» дейді. Олар венгер болып кіріп алған да, сол елдің билігіне қол жеткізіп, енді өз мүддесін ғана ойлап отыр дейді қарапайым халық. Ал, халықтың жағдайын ешкім ескеріп жатқан жоқ дейді. Сол секілді, бүгін ұйғырды кіргізіп алайық, татарды кіргізіп алайық, басқалардың да қазақ болып жазылуына жол берейік, бірақ, ол саясаттың ешқандай да стратегиялық мәні жоқ. Біз осыны түсіне білуіміз керек.

Сұхбаттың толық нұсқасын - www.arasha.kz - http://arasha.kz/post/853 - сайтынан оқи аласыздар.

0 пікір