Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 3893 4 пікір 2 Қыркүйек, 2021 сағат 16:44

Тілге алаңдаған қаламгерлерді солтүстікке көшіру керек

Тілге алаңдаған жас қаламгерлерді арнайы бағдарламамен солтүстікке көшіру керек, Тоқаев мырза!

Кеше ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа бір топ жас қаламгер ашық хат жазды. Олардың мемлекеттік тіл - қазақ тіліне деген жанашырлығына риза болмасқа шара жоқ! Бірақ та, тәуелсіздік алғалы мұндай жүздеген хат жазылғанын білеміз. Оның бірінен де нәтиже шықпағаны тағы бар. Неге бұлай болды?

Себебі, айтумен, айғайлаумен, хат жазумен еш мәселе шешілмейді. Мұндай ашық хаттарға бола тілдің мәселесі шешілсе, отыз жыл бойы бір орында омалып отырмас едік. Құрыды дегенде Шаханов атамыздың шекесіне шодырайып бір мүйіз шығар еді. Қараңыз, ол да жоқ...

Яғни, Президентке һәм хат жазғыш жастарға "не істеу керек?" деген сұрақ туады. Меніңше, тілдің жоғын жоқтаған тұлғаларды һәм қоғам белсенділерін орыстанған өлкелерге (негізінен қалалар мен аудан орталықтарына) қоныс аударуға мемлекет тарапынан қолдау жасау керек.

Ол азаматтар ауызбен айтқанын іс жүзінде жүзеге асырып көрсін! Нақты мемлекеттік тілді үйрету курстарына басшылық етсін! Сол өңірлердің ішкі саясат жұмыстарымен айналыссын! Аудандық, облыстық басылымдар арқылы тіл майданына кірсін! Сол өңірлерден қазақ мектептерін, балабақшаларын ашу, ол мекемелерге жас мамандар тарту секілді мың сан жұмыстармен шұғылдансын! Осы мың сан іске әлгі хатқа қол қойған алпысқа жуық һәм оның сыртындағы мың қолдаушы таптырмас маман болар еді.
Өстіп, "жау жүрек мың баланы" солтүстік өңірлерге аттандырсақ (қажет болса біз де баруға дайынбыз), олар нақты білім тәжірибелерін мемлекеттік тілдің дамуына бағыттаса, тым құрығанда сең қозғалар еді.

Өткен ғасырда нақты күрестің жолын алашордалықтар көрсетіп берді. Олар кітап та жазды, ағартушы да болды, саясатпен де айналысты... Президент сол даңғылға "жанын жұлып жеп тұрған" осы жастарды қайта салып жіберсе, он жылда-ақ оның жемісін жеп отырар едік.

Кезінде "тың игеру" деген сылтаумен қазақ жеріне келімсектер ағылды. Енді ол өлкелерге түпкілікті ие болып қалу үшін нақты әрекет жасауымыз қажет.

Қанат Әбілқайыр

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371