Сенбі, 19 Қазан 2024
Жаңалықтар 2328 0 пікір 14 Маусым, 2012 сағат 09:55

Самақованың секстен басқа айтары бар ма?

Украинаның жоғарғы радасы ана тiлi үшiн арпалысып, бiр-бiрiне жұдырық жұмсап жатыр. Ал бiздiң парламенттегi партия қалаулылары төбелеспек тұрмақ, бiр-бiрiне мәндi сөз айтуға шамасы жетпейдi. Бұған қарап оларды аса мәдениеттi екен деп әсте ойлауға болмайды. Аталған жағдай мәжiлiсшiлердiң өз позициясы үшiн қандай      да бiр батыл әрекетке бара алмайтын, әлжуаз екенiн көрсетедi.

Парламентте жаға жыртыспақ түгiлi, мәжiлiсшiлер өз кемшiлiктерiн бiр-бiрiне батырып айта алмайды. Мәселен, күнi кеше мәжiлiсшi Айткүл Самақова мектеп бағдарламасына жыныстық ағартушылық сабақтарын енгiзудi ұсынады. Бiр қызығы, бiрде-бiр әрiптесi "не айтып отырсың" деп оның бетiн қайтарып тастай алмады. Бәлкiм, әлдебiр депутат Самақованың аптығын дер кезiнде басса, бұл мәселенi ол бiрнеше мәрте көтермес пе едi. Кiм бiлсiн. Әйтеуiр Самақова ханым биiк мiнберден жыныстық қарым-қатынас туралы айтуды әдетке айналдырып алды. Мәселен, халықаралық балаларды қорғау күнiне арналған мәслихат кезiнде ол: "Бiздiң пiкiрiмiзше, дәл осы мектептерде жыныстық ағартушылықты енгiзген жөн, себебi қазiргi ұлдар мен қыздар - келешек әкелер мен аналар. Менiң орта оқу орындарына "Мектеп медицинасы" атты курс енгiзу туралы ұсынысым қоғамда, әсiресе педагогтар арасында үлкен резонанс тудырды", - деп шаттанды.

Өз бастамасының "резонанс тудырғанына" шабыттанған ол оқушылардың сабақтары көп болғанына қарамастан, осындай дәрiстер мен курстар қажет деп есептейдi. "Қазiргi сабақтар ауқымында жастардың сексуалды денсаулығы бойынша мамандарды тартып, ағартушылық дәрiстерiн енгiзу мүмкiндiгiн кеңiнен талқылауды ұсынамын", - деген Самақованың арыны қатты. Депутат ханым өзiн мемлекеттiк маңызы бар iске бел шешiп кiрiскендей сезiнетiн болуы керек. Әйтеуiр жиналыс сайын мiндеттi түрде жыныстық қарым-қатынас туралы сөз ететiн болып алды.

Бұған дейiн ол мектеп жасындағы қыздардың түсiк жасатуы артып бара жатқанын айтқан болатын. Жөн. Әйтсе де бұл үшiн мектепке арнайы пән енгiзудiң қаншалықты қажетi бар? "Статистикалық мәлiметке сенсек, жыл сайын 15-18 жастағы қыздар арасында 8 мыңға жуық түсiк жасау фактiлерi кездеседi екен. Ал Қазақстандағы әрбiр алтыншы отбасы баланың жоқтығынан зардап шегуде. Мұндай көрiнiс бұрын-соңды елiмiзде болмаған. Бұл оқиғалардың басты себебi ретiнде, мектеп оқушыларының жыныстық ара қатынас туралы ақпарының аздығын айтқым келедi. Мұны зерттеу нәтижелерi көрсеттi. Осы орайда, барлық орта мектептердегi ұл-қыздар үшiн мектеп медицинасын, оның iшiнде жыныстық арақатынастың алдын алу туралы сабақтарды өткiзiп тұруды ұсынамын", - дедi А.Самақова наурыз айында.

"Қыздар "бәрiн" бiлуi тиiс" деп есептейтiн Самақованың өзi де бiр нәрсенi мықтап есте сақтауы керек. Мәселен, елiмiзде мектеп жасындағы балаларға қатысты аса маңызды мыңдаған мәселелер бар. Сондай-ақ мектеп бағдарламасына жыныстық ағартушылық сабақтарын енгiздiк делiк, одан түсiк жасату тыйыла ма? Керiсiнше, түсiк жасатудың саны артып, оқушылардың аңсары сабаққа емес, төсекке ауса ше? Байқауымызша, "ағартушы" апамыз қыздарға тұрмысқа шыққанша абыройыңды сақта деп кеңес бермейдi. Ол мектеп оқушыларының жыныстық ара қатынас туралы ақпарының аздығын айтып алаңдайды. Демек, ақпараты молайған сайын оқушылар "тәжiрибе" жинап, оны iс жүзiнде емiн-еркiн пайдалана алады. Мiне, бүгiн де "ағартушы" Айткүл Самақованың арманы осы болып отыр. Оған Жаңаөзенде жапа шеккен қарашаның тағдыры мен 14 шекарашының қаза болуы маңызды емес.

Серiк ҚҰДАЙБЕРГЕНҰЛЫ

«Жас Алаш» газеті

0 пікір