Сенбі, 19 Қазан 2024
Жаңалықтар 2120 0 пікір 14 Маусым, 2012 сағат 10:01

Телеарнаның сайты талапқа сай ма?

Телеарнаның басты факторы жеделдігі болса, кейінгісі - қолжетімділігі. Ал қолжетімділіктің ең заманауи әдісі - интернет. Телеарналардың веб сайттары виртуальді өмірдегі 9,4 миллион қазақстандықты өзіне біріктіре алмай отыр. Көрермендер былай тұрсын, қазақстандық интернет қолданушылар да ресейлік телеарналарға жүгінуде. Оның себебі - қазақстандық телеарна сайттарының қолданушылар көңілінен шықпауында.

Телеарнаның басты факторы жеделдігі болса, кейінгісі - қолжетімділігі. Ал қолжетімділіктің ең заманауи әдісі - интернет. Телеарналардың веб сайттары виртуальді өмірдегі 9,4 миллион қазақстандықты өзіне біріктіре алмай отыр. Көрермендер былай тұрсын, қазақстандық интернет қолданушылар да ресейлік телеарналарға жүгінуде. Оның себебі - қазақстандық телеарна сайттарының қолданушылар көңілінен шықпауында.

Қазақстан Ұлттық телеар­насының kaztrk.kz, Хабар агенттігінің khabar.kz сайт­тары - ең көп күш жұмсал­ғандардың қатарында. Kaztrk.kz 2 тілде кемшіліксіз көрінсе, khabar.kz 3 тілде жұмыс істейді. Khabar.kz-тің алғашқы бетінің экранға бірінші көрінетін тұсы тым бос. Ло­готипінің түсі тым қоюланып кеткен. Жоғарғы слайдер ыңғайсыз орналастырылған. Тек суреттер қойылып, айна­ласы бос қалған. Бұл орынға тек «күннің басты жаңалығын» қойып, оның айналасын сол жайлы мәліметтермен толтыру жағымдырақ болар еді. Немесе слайдерді автоауыстырып, оның бір жағын алмасып жатқан суретпен үйлесетін өзге материалды қойған дұрыс болар еді. Бұл тұрғыда kaztrk.kz оңтайлы шешім тапқан. Бірақ мұндағы суреттер тым үлкен. Ал оң жақ бөліктегі жазу өте аз болғандықтан, тар­тымсыз көрінеді. Мұндай слайдер көбіне жарнамалық сайттарда қолданылады. Оның төменгі тұсындағы слайдер өте әдемі орналастырылған. Бас мәзірдегі шамадан тыс ірі. «Балапан» мен «Мәдениетке» сілтемені бас мәзірге бөлек орналастырылған жөн. «Соң­ғы жаңалықтары» идео­ло­гиялық тұрғыда жақсы қабыл­данғанмен, ондағы мәліметтер шашыраңқы, арасы алшақ. Беттің жартысындай жерді алып жатқан сайттың төменгі тұсындағы «бас мәзір» көшірмесінің қажеті жоқ. Khabar.kz сайты өте жинақы шыққан. Әр материалдың бөлікке бөлінуі қолданушы үшін өте қолайлы әрі әдемі көрінеді.
Elarna.kz сайты өте тар­тымды, жастардың арнасына тән дизайнмен жасалған. Бірақ өте шашыраңқы. Сайт­тың тартымдылығы - блог­тарында. Khabar.kz пен kaztrk.kz-те де жүргізушілер мен телеарна қызметкерлерінің блогы бар. Бірақ elarna.kz оны жарқыратып көрсетіп тұр. Сайтқа кірген қолданушы те­леарна сайтының бар құн­дылығы блогтары екен деп ойлайды. Hittv.kz сайты ерекше дизайнмен жасалған. Бір қарағанда, өте қызық, тартымды. Бірақ сайт жасалуы жасалып, кейін қаралмай қойған сияқты. Мәселен, ең соңғы жаңалық 2010 жылдың шілдесінде енгізіліпті. Онлайн трансляция деп жазылып қойғанмен, ол да жоқ. Сайттың төменгі жағында да олқы­лықтар бар. Дәл осы мәлі­меттерді бет көлемінің төрттен біріне сыйғызуға болар еді.
Almaty.tv сайты мүлдем тартымсыз. Өте ескі стильде жасалған сияқты. Онлайн трансляция да жоқ. Сайтқа кіргенде Joomla немесе Wordpress сияқты CMS-тердің стандарт шаблондары еске түседі. Бірінші бетке ешқандай слайдер қойылмаған, қара, жасыл және ақ түстер үйлесім таппаған. Сайтта тым болмаса логоның артына сурет қойыл­маған. Жалпы, сайт тым қара­байыр, жағымсыз. Мұнда да бас мәзір сайттың төменгі жа­ғында қайталаныпты. Бірақ сайт 2006 жылы жасалғанын ескерсек, сол кезге лайық. Одан бері алты жыл өтті. Неге сайт әлі сол қалпы? Сайт қол­данушысына алдымен 20% дизайн, 60% ыңғайлылық, 20% мәліметтің маңыздылығы әсер етеді.
Ktk.kz-тің логосы өте сәтті шыққан. Және сайттың қалған бөлігі онымен әдемі үйлесім тапқан. Бас мәзірдің астындағы лента дұрыс қойылған. Бірақ ол өте жиі қолданылатын әдіс болғандықтан, көпшілікті өзіне баурай алмайды. Онлайн трансляцияның бірнеше мүмкіндікте көрсетіле алуы өте жақсы. Онлайн тран­сляция­ға сілтеменің өте үлкен етіп, бір бетке екі рет орна­ласуы артықтау. «Ktk жа­ңа­лықтарының» арасы бос. Қол­данушыда сайтқа мәлімет жетпей қалғандай әсер қал­дырады. Жаңалықтар лентасы да солай. Оның оң жағындағы екі сурет тым үлкен. «Бағ­дарламалар» мен «Кино» өте әдемі орналастырылған. Және оның жаңалықтардан тө­менірек орналасуы нағыз ақ­параттық порталға, телеарна сайтына лайық. «Бейне­мұрағат» дұрыс қойылғанмен, бет бос қалған. Ал 31 арнаның бейнемұрағаты кәсіби жа­сал­ған. Мұнда информ­бюроның әр сюжеті бөлініп, оның тө­менгі тұсында сюжет мәтіні берілген. 31.kz-тің тағы бір артықшылығы әлеуметтік желілерді сайтпен байланыс­тыруында. Өзге арналар оған аса мән бермеген. Сайттың фонына «Fatmagul» суретінің қойылуы өте нашар. Солай қойылуы керек болған күнде де, ол сайттың жарты бөлігін алмауы керек. Оның екі жа­ғындағы ою түк те әдемі емес. Көзді ауыртады, пайда­ланушыларды қашыратын да осылар. Мұнда да бас мәзір екі рет қойылған. Бұл өрескел қате. Дегенмен дәл осы қалпында 31 арна өзін ойын-сауық арнасы ретінде көрсете білген.
Рейтингке келер болсақ, ktk.kz-ке khabar.kz-тен бес есе, ал kaztrk.kz-тен бір жарым есе көп адам кіреді.
Kaztrk.kz-ті 1tv.ru-мен са­лыстырып көрелік. Бұл екі арнаның рөлі мен маңызы кішкене жақын. 1tv.ru-да жо­ғарыда айтылған кемшіліктер жоқ. 1tv.ru-дың плеері өте жақсы әрі ыңғайлы. Kaztrk.kz бірінші бетке бар жақсысын шығарып қойған. «Мынаны көр», «мынаны оқы» деп тықпалаған сияқты. Ол қол­данушыларға ұнай бермейді.
Khabar.kz-те көп нәрсені көрсетеміз деп, сайтты тым қиындатып жіберген. Ин­тернет қолданушыға сәл қиын­дық түсе қалса, оны ұстап қалу мүмкін емес. Неге екені бел­гісіз, онлайн трансляция ар­қылы көру мүмкін емес. «Сіздің орналасқан жері­ңіз­дегі шектеулерге байла­нысты (авторлық құқық) бей­нені көрсету мүмкін емес» деген жазу шыға береді.
Қазақстандық телеарна сайттарының ең басты кем­шілігі - ең «әдемі» деп есеп­теген дүниелерін бірінші бетке тықпалай беруі. Сол се­бепті, олардың көпшілігі тар­тымсыз, ыңғайсыз, қолда­ну­шылары да аз. Қолданушы үшін бірінші рөлде ақпарат екенін ұмытпау керек. Те­леарна сайттары, кішкене болса да, ақпараттық портал түрінде болуы тиіс. Телеарна сайтының үлгісі ретінде rbc.ru-ды айтуға болады. Оның бірінші беті өте ыңғайлы жасалған. Олар үшін ең басты нәрсе ақпарат, ақпарат беру екендігі бір қарағанда білінеді. Артық ештеңесі жоқ. Сурет және слайд-презентациямен миды ашытпайды. Екі шетке аз-аздап сурет орналастырып, ортасындағы үлкен бөлік тек ақпаратпен толтырылған. Сайттағы бар әдемілік (сурет, слайд, графикалық сызбалар, бейне) жаңалықтың бірін таңдаған соң ашылады. Бір сөзбен айтқанда, rbc.ru сайтының дизайны адамға керек ақпаратын табуға, оны дұрыс оқи алуына көмек­теседі.
Айдос ӘРІПБАЕВ,
Қазақ Ұлттық университетінің студенті

«Айқын» газеті

 

0 пікір