Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 2418 1 пікір 22 Қыркүйек, 2021 сағат 10:37

Алматы облысының орталығында «Аяулы алақан» аллеясы ашылды

Жетісудың бас шаһары Талдықорған қаласының облыс орталығы мәртебесін алғанына 20 жыл толуына орай, қаланың көркіне-көрік қосатын тағы бір жер орын тепті.  Бұл мекенде ақ халатты абзал жандарға деген алғыстың нышаны ретінде «Аяулы алақан» мүсіні қойылған.  Жоба авторы, Алматы облысының әкімі  Амандық Баталов.

Мүсінде адамзаттың қос алақаны бейнеленген. Ал екі уыстың арасында жапырағы жайқалған жас ағаш өсіп тұр. Бұл жан жылуының әр тіршілік  иесіне өмір сыйлай алатынын бейнелеп тұрған ерекше сәулет өнері.

Аймақ басшысы Амандық Баталов, аталған ескерткіш адам өмірінің арашасы болған жандарға деген шексіз ризашылықтың белгісі ретінде мәңгіге өзінің маңызыдылығын жоғалтпайтынын алға тартуда.

«Пандемияның алғашқы күндерінен-ақ Елбасы үндеуімен еліміз бірігіп, індетті жеңуге жұмылды.  Қиын жағдайда алдыңғы қатарда күрескен – медицина қызметкерлері болды.  Бүгінгі ашылған «Аяулы алақан» ескерткіш – аса қауіпті індетпен бетпе-бет келген медицина саласы қызметкерлерінің құрметіне арналады. Бұл – жаһандық дертке қарсы күрескен ақ халатты жандарға деген ел құрметінің белгісі. Сондай-ақ, халықтың адал перзенттеріне ыстық ықыласының көрінісі. Ескерткіш ел басына қиындық туған сәтте қаһармандық көрсеткен жандардың рухына тағзым ету орнына айналады»,- деді Амандық Ғаббасұлы.

Аллеяның ашылу салтанатында сөз алған облыс әкімі Жетісу өлкесінде пандемия кезінде атқарылған жұмыстардың бірқатарына шолу жасады.

Баршаға мәлім, облысының Денсаулық сақтау жүйесі бірнеше айдан бері дамылсыз жұмыс істеп келеді. Пандемиямен күреске 31 медициналық ұйым жұмылдырылды, оның ішінде 4-і Талдықорған қаласында орналасқан. Амбулаториялық және стационарлық деңгейде үш жарым мыңға жуық (3455) медицина қызметкері, оның ішінде 851 дәрігер және 2604 кіші және орта буын дәрігерлері тартылды. Пандемиямен күреске жергілікті бюджеттен барлығы 13,8 млрд. теңге бөлінді, медициналық жабдықтармен жарақтандыру 79-дан 90 пайызға дейін өсті. Ал, пандемия басталғаннан бері коронавирус пен пневмониядан 51 мыңнан астам адам жазылып шықты.

Негізі мүсін "Шығыс" шағын ауданында, модульдік жұқпалы аурулар ауруханасының жанында орнатылды. Мүсіннің биіктігі 1,2 м, ұзындығы 3,8 м, ені 2,8 м, ол қоладан жасалған.

Айта кетейік, облыстық "Jetisy Media" КММ Талдықорған қаласының облыс орталығы мәртебесін алғанына 20 жыл толуына  орай ерлік істерімнен ерекшеленген Талдықорғанның батырлары туралы бейнеролик түсірді, Видеода өз өмірін қатерге тігіп, өзгенің өмірін сақтап қалған адамдар бейнеленген.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3235
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364