Сенбі, 23 Қараша 2024
3226 1 пікір 22 Қыркүйек, 2021 сағат 16:34

Тәлібтер БҰҰ жиынында сөз сөйлеуге өтініш білдірді

"Талибан" радикалды қозғалысы (Қазақстанда тыйым салынған) Нью-Йоркте өтіп жатқан БҰҰ Бас ассамблеясының отырысына қатысуға және әлем басшылары алдында сөз сөйлеуге өтініш білдірді. Бұл туралы БҰҰ ресми өкілі Стефан Дюжаррик хабарлады.

Оның сөзіне қарағанда, БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерришке "Талибаннан" жоғары деңгейдегі пікірталасқа қатысу жөнінде өтініш хат келген. Хат БҰҰ Бас ассамблеясына бір күн қалғанда яғни, 20 қыркүйекте жазылған. Оған Ауғанстан сыртқы істер министрі Әмір Хан Муттаки қол қойған.

"Талибан" хатта БҰҰ жиынына қатысып қана қоймай, БҰҰ-ның өкілі ретінде Мұхаммед Сухаил Шахинді тағайындайтынын да жеткізген.

Хатта Ауғанстанның бұрынғы президенті Ашраф Ғани 15 тамызда биліктен кетірілгендіктен әлем елдері оны президент ретінде мойындамайтыны жазылған. Сол себепті қазіргі ауған елшісі Гулям Исакзай да жиында Ауғанстан атынан сөйлей алмайды деп көрсетілген.

BBC сайтының жазуынша, сейсенбі күні БҰҰ отырысында Катар әлем елдерін "Талибанмен" байланыс үзбеуге шақырған.

Ал БҰҰ өкілінің айтуынша, Гутерриш 15 қыркүйекте Гулям Исакзайдан ассамблеяның 76-сессиясына қатысатын ауған делегаттарының тізімін алған.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3234
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364