Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 2229 1 пікір 24 Қыркүйек, 2021 сағат 11:49

Н. Нығматулин: Мәжіліс қылмыстық кірістерді жылыстатуға қарсы күрес туралы заң жобасымен жұмыс істейді

Бүгін Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Палатаның Бюро отырысы өтіп, онда алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды.

Мәжіліс депутаттар әзірлеген қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелеріне қатысты заң жобасын қарайды.

Құжат кірістерді жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимылдың ұлттық жүйесін жақсарту, сондай-ақ, ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобының халықаралық стандарттарын іске асыру мақсатында дайындалды.

Сонымен қатар, Палатаның алдағы жалпы отырысында бірқатар ратификациялық заң жобалары талқыланбақ. Олар: Каспий теңізінің теңіз ортасын қорғау жөніндегі негіздемелік конвенцияға Каспий теңізін жер үсті көздерінен және құрлықта жүзеге асырылатын қызмет нәтижесінде ластанудан қорғау және осы конвенцияға Биологиялық әралуандылықты сақтау туралы хаттамаларына қатысты заң жобалары.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371