Қырғыз делегациясы Талибан үкіметімен кездесті
Қырғызстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары Таалатбек Масадықов Кабулға барып, Ауғанстандағы Ислам Әмірлігінің Сыртқы істер министрі Әмір Хан Муттакимен кездесті.
Бұл туралы Талибан үкіметінің баспасөз хатшысы Забихулла Мужахид әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.
Кездесуге Президент Әкімшілігінің сыртқы саясат бөлімінің меңгерушісі Жээнбек Құлубаев та қатысты.
Мұндай деңгейдегі қырғыз делегациясы Орталық Азия елдерінің ішінде бірінші болып Талибан үкіметімен кездесті.
Ал, Қырғызстанның ресми орындары бұл кездесу туралы ештеңе айтпады.
Abai.kz