Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2523 0 пікір 19 Сәуір, 2012 сағат 07:34

Сынақтардан кейінгі сынақ: заң заманға сай болуы керек

«Семей ядролық сынақ полигоны туралы» Заңға заманға сай өзгерістер мен толықтырулар енгізген жөн». Мұндай ұсынысты Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаев мәлімдеп отыр. Жалпы, әкім мырзаның мәлімдеуінше, халық қалаулылары осыдан тұп-тура 20 жыл бұрын қабылданған аталмыш заңға өзіндік өзгертулер мен толықтырулар енгізуге ыңғай білдіруі керек. «Себебі қолданыстағы заң көнеріп қалғалы қашан!»

«Семей ядролық сынақ полигоны туралы» Заңға заманға сай өзгерістер мен толықтырулар енгізген жөн». Мұндай ұсынысты Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаев мәлімдеп отыр. Жалпы, әкім мырзаның мәлімдеуінше, халық қалаулылары осыдан тұп-тура 20 жыл бұрын қабылданған аталмыш заңға өзіндік өзгертулер мен толықтырулар енгізуге ыңғай білдіруі керек. «Себебі қолданыстағы заң көнеріп қалғалы қашан!»

Сондай-ақ аталмыш заңға қатысты полигон аумақтарын сауықтыру мақсатында ядролық сынақ болған өңірлерде экстремалды туристердің саяхатын ұйымдастыру жайы да сөз болды. Бұған қатысты «экзотика мен шым-шытырық оқиғаларға, қаупі жоғары аймақтарға бас тігіп саяхаттауды қалайтын саяхатшыларға Семей полигоны аймағын зерттеу тым қызықты, сондықтан полигон аймақтарында экстре­малды туризмнің  өркендеуіне жол беру керек» деген мамандар да табылды. Әрине, бұған дейін «Семей ядролық полигон аймақтарының 95 пайызын халық шаруашылығына пайдалануға беруге болатыны» жайлы мәселе көтерілгенде біраз дау-да­май туындаған-ды. Ақыры ғалымдарымыз бар, мем­ле­кеттік орган өкілдері бар, «бұл мәселені мемлекеттік тұрғыда зерттеу керек» деп барып, аптығымыз басылған-ды. Ендігі кезекте полигон аймағында экстремалды туризм саласын өркендету жайы сөз болуда. Ал бұл үрдістің келешегі қаншалықты үмітті? Ядролық полигон аймағын зерттеуде мұндай тәсілдерді пайдалану қаншалықты тиімді?

Дерек пен дәйек

Негізінен, дерекке жүгінсек, Семей ядролық полигонында бірінші жарылыс 1949 жылғы 29 та­мызда, соңғысы 1989 жылғы 19 қазанда болды. Осы жылдар ішінде полигонда 470 атом сынағы жүргізіліп, сол кездерде 606 ядролық жарылыс, оның ішінде әуеде - 90, жер бетінде - 26, жер астында 354 жарылыс жүргізілді. Олардың жинақталған тротилдiк баламасы 17,7 мегатонна болды (!) Жер бетіндегі және әуедегі ядролық жарылыстарға арналған қарулар 1963 жылға дейін шығарылды.

Әуе мен жер бетінде жүр­гі­зілген 55 жарылыстың ра­дио­ак­тивті бұлттары және жерасты жа­рылыстарының 69 газ фракциясы по­лигон шегінен тыс жерлерге та­рады. Дәл осы 124 жарылыс Қазақстан ау­мағының шығыс бөлігін радиациямен лас­тады. Полигонда ядролық жарылыстан бас­қа, химиялық жарылыс заттарын қол­да­на отырып, 175 жарылыс жүргізілді. Соң­ғы заряд 1995 жылғы 31 мамырда хи­­миялық жару әдісімен жойылды. Жал­пы, полигонның аумағы 18,54 мың шар­шы шақырымды алып жатыр және 39 па­йызын - Пав­ло­дар облысы, 54 пайы­зын - Шығыс Қа­­зақстан өңірі және 7 па­йы­зын Қа­рағанды  облысы ие­лен­ген. Бұ­ған қа­тыс­ты сарапшылардың ба­ға­лауы бо­­йын­ша, «Семей полигоны ма­ңа­йын­дағы ра­диа­цияға ұшыраған жерлердің нор­маға келуі үшін кемінде 300 жыл ке­рек»...

Қасіреттің буы тарқаған жоқ...

Сөйтіп, Семей полигоны аймақтарын жал­пы қолданысқа беруге, ол аймақтарда өндіріс ошақтарын құруға, ауыл шаруа­шы­лығын өркендетуге, аймақты зерттеу мақ­сатында туристерді тетікке қосуға мүл­де қарсы қауым «Семей жеріндегі қа­сіреттің буы әлі тарқаған жоқ, сондықтан мұн­дай ұсыныстарды қолдаудың мүлде қажеті жоқ» десті. 

Хакім СУЕРБАЕВ, химия ғылымының докторы, профессор:

- Ғылыми деректерге жүгінсек, плу­тоний-240 изотоптары табиғи жол­мен - 6500 жылдан кейін, плу­тоний-239 изотоптары  21 мың жыл­дан кейін ыдырайды. Ал плутоний-241 ыдыраған кезде жаңа аль­­фа-сәулесі түзіледі, америций-241 изотоптарының төндіретін қаупі жыл сайын тек өсе береді. Егер плу­то­нийдің бір бөлігі адам ағзасына түс­се, сүйек тінінде - 80 жыл, бауырда 40 жыл өмір сүреді екен. Барлық тірі жа­сушаны өлтіріп, олардың табиғи қа­сиетін жойып, бұзуға әкеліп соғады. Ал осындай деректерге анық қол жет­кізе отырып, сол аймақтарды қалайша ха­лықтың қолданысына береміз?! Бұ­ған қатысты айтарым, Семей полигоны аймағындағы қайғы-қасіреттің буы әлі тарқаған жоқ. Семей халқы оның зардабын әлі тартып отыр. Сондықтан ол елдегі полигон аймақтарына инвестиция салуға мүлде қарсымын.

Ядролық отын банкін құрсақ қайтеді?

Жалпы, Семей полигоны аймағын сөз ет­кенде мамандарымыздың бір парасы ядролық отын банкі турасындағы ұсы­ныс­тарын қоса қаузады. «Ядролық отын бан­­кі - тек Қазақстан үшін ғана емес, әлем бойынша қажет нәрсе» дескен ма­ман­дарымыздың қайсыбірі нақ осы яд­ро­лық отын банкі идеясын іске асыруға Се­мей полигоны аймағы өте қолайлы жер екенін алға тартуда. Бұл ретте Ұлттық яд­ролық орталық Ядролық физика инс­ти­тутының ғылыми істер жөніндегі ди­ректорының орынбасары Насурлла БӨРТЕБАЕВ:

- Қазір осы ядролық отын банкінің мүм­кіншіліктері мен ерекшеліктері ту­ралы жиі айтылып жүр. Өзіңіз жақсы бі­лесіз, біздің елімізде Семей полигоны ай­мағы бар. Ол жерде үлкен ірі жары­лыстар болғандықтан, аталмыш полигон аймағында сол жарылыстардан қалған әртүрлі радиоактивті қалдықтарды сақ­тайтын қоймалар бар. Семей поли­гонының бір ерекшелігі: онда қал­дық­тарды сақтайтын қоймалар уақтылы жа­­са­лып қойған. Мәселен, бізде меди­ци­­нада ампулалық радиоизотоптық ма­териалдар қолданылады. Осы пре­па­раттарды уақыты өткеннен кейін бір жақ­қа апарып, көму керек. Осындай ме­ди­цинада қолданып жүрген ампу­ла­лардың 50 мыңға жуығы қазірде сол Се­мей полигоны аймағының қоймасында сақ­таулы. Сондай-ақ өнеркәсіпте қол­да­нып жүрген радиоактивті қалдықтарды да сол жерге апарып, сақтап, көміп отыр­мыз. Еске сала кеткен жөн, Ақтаудағы тоқ­татылған БН-350 реакторының ядро­лық қалдықтары да толығымен осы Се­мей полигонындағы сақтау қоймаларына кө­шірілді. Демек, бізде ядролық отын қоймалары бар. Біз көп елде мұндай мүмкіншіліктің жоқ екенін ескеруіміз ке­рек. Бұл деген - нағыз коммерциялық жо­ба. Ядролық отын банкін атом өндірісі са­ласындағы тағы да бір пайда табудың көзі деп білуге болады. Бұл - ядролық өн­дірістің пайдалы бағыттарының бірі. Өз басым Семей полигоны аймағы осы банк­тің жұмысын ұйымдастыруға қо­лайлы аймақ деп білемін, - дейді.

Әлемдегі ашық-шашық полигон...

Негізінен, мамандардың пайым­да­уын­ша, осы полигон аймақтарын пай­да­лану турасында ойды шығарып жүр­ген­дер­­дің бағамдауынша, полигон ай­­­мағында тұрып жатқан елдер сол жерді тұр­­ғылықты мекен етті. Тіпті сол елде қай­­сыбір қауым «кезінде ашық-шашық жат­­қан полигон аймақтарына жыл­қы­ла­рымызды жай­ған­быз, қазір де олар сон­да жайылып жүр, ол жылқының қы­мы­зын бүкіл ел іше­ді, етін біраз қауым азық ете­ді, сон­дықтан да сол бұрынғы по­лигон аумағынан жер алып, оны құ­жат­пен заңдастырсақ, жөн болар еді» дей­тін де көрінеді. «Міне, полигон ай­мақ­тарын ха­лық шаруашылығына беру мә­селесі осы­дан барып туындады» дейді ма­мандар.  Әйт­се де ғалымдардың дені Се­мей поли­гоны аймағы әлем бойынша ең ашық-ша­шық жатқан полигон екенін, нақ қазір по­ли­гон аймақтарын пай­да­ла­нуға бергеннен гө­рі, осы аймақтарда тұ­рып жатқан жұрт­шы­лыққа төленетін жәр­демақыны еселеп көбейту керектігін ба­са айтуда.  Өйткені аймақ тұрғындары по­­лигон аймақтарында тұрып, радиа­циямен уланғаны үшін бүгінде болмашы жәрдемақы алуда. Мәселен, Жапонияда ядролық бомбаланған жерлерді мекен ететіндерге үш деңгейлі көмек беріліп тұрады. Біріншісі - округтік әкімшілік, екін­шісі - штаттық әкімшілік, енді бірі - федералды әкімшілік тарапынан. Үшеуі де - мемлекеттік мекеме. Сондай-ақ жа­пондарда осы аймақтарда тұратын тұр­ғын­дар басқа жаққа қоныс аударып ке­тіп, туған жеріне қайта айналып келсе, ел­де тұрмаған жылдардағы өтемақысын даулап алуға құқы бар. Ал біз полигонның зардабын көрген жандарды шөміштен қағып, олар өзге қалаға қоныс аударса, болар-болмас жәрдемақысын төлеуден бас тартамыз.

Әрине, игерілмей жатқан полигон ай­мақтарына инвестиция салу ұсынысы ой­ланарлық екені даусыз. Семей поли­го­ны­на салынатын инвестиция өзін-өзі ақ­тай ма, жоқ па - оны болашақ көрсете жа­тар.  Бірақ бүгінгі күнмен қарасақ, біз­ге, ең алдымен, сол елдің жұртын жәр­дем­­а­қымен жарылқап алған жөн тә­різді...

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5435