Қытай 2025 жылы Тайваньға басып кірмек
Қытай әскері 2025 жылы Тайваньға басып кіруге дайын болады. Бұл туралы Тайвань қорғаныс ведомствосының басшысы Циу Гуожэн мәлімдеді.
Әскери шенеуніктің айтуынша, ҚХР мен Тайвань арасындағы қарым-қатынас соңғы 40 жылдағы ең шиеленісті шекке жеткен. Шенеунік Қытайда басып алу операциясын бастау үшін барлық қажетті күштер бар екенін баса айтты.
Гуожэн шабуылдың болжамды уақытын 2025 жылы деп атады. Себебі, оның пікірінше, дәл осы сәтте аралға шабуыл жасауға арналған арнайы әскер толықтай дайын болмақ. 2025 жылға қарай Қытай флотына бірнеше әмбебап амфибиялық шабуыл кемелері де қосылатыны айтылуда.
18 тамызда Қытай аралға шабуыл жасау үшін әр түрлі әскерлердің қатысуымен кең ауқымды операцияның сценарийін әзірледі. Әскери сарапшы Сон Чжунпиннің айтуынша, Қытай Тайваньды басып алғанға дейін сансыз жаттығу өткізетін болады.
Abai.kz