Сенбі, 23 Қараша 2024
Ел іші... 3121 0 пікір 18 Қазан, 2021 сағат 15:39

Ұлттық экономика: 17 мың компания жабылды

Биылғы 2021 жылда өз мәресіне жетуге жақын. Ұлттық келбетімізді әлем елдеріне экономикамыз танытатыны жасырын емес. Еліміздің сыртқы саудасы мен ішкі іскерлік мүмкіндіктері корновирус кезінде түбегейлі өзгеріске түсіп, жаңа бағыт-бағдарларлар өз өміршеңдігін танытты.

Осы ел экономикасында орын алған түбегейлі өзгеріс барысында 17 мың компания өз қызметін тоқтатқандығын Ұлттық статком мәлім етті. Бұл өткен 2020 жылға қарағанда 35,5%-ға көп болып отыр. Енді қай салаларда қанша  компания өз қызметін тоқтатқандығын тізбектей кететін болсақ: сауда мен машина жөндеу – 6082, құрылыс – 2178, кәсіби, ғылым мен техникалық іс-әрекет –1138, өңдеу саласы – 793, қаржы мен сақтандыру – 664, көлік пен жүк сақтау – 662, ауыл, орман және балық шаруашылығы – 641, әкімшілік, қосалқы қызмет көрсету –598, ақпарат және байланыс – 451, жылжымайтын мүлік – 438, білім беру – 437, тамақтану және қонақ үй қызметі – 291, өнер мен көңіл көтеру – 236, сумен қамту, қалдықтарды өңдеу –117, кен өңдеу кәсіпорындары –  113, мемлекеттік басқару мен арнайы қызмет көрсету – 87, электр, газбен қамтамасыз ету – 56 және өзге бизнес саласы бойынша –2034 компания өз қызметтерін тоқтатты. Бірақ бәрі жабылып жатыр екен деп сарыуайымға салынудың еш керегі жоқ. Құрылыс саласы бойынша – 43%, кен өңдеу саласында – 33,5%, қаржы мен сақтандыру саласы бойынша – 57,3% өсім барлығы көңілді көншітеді.

Ұлттық статком 2021 жылғы қазақ экспортында 11 елмен сауда тауар айналысы миллиардтан асқанын мәлім етті. Анығын айтсақ, Испанияға тауар экспорттауымыз  83,8% өсіп, қаңтар-тамызда $1,1 млрд-ға жетті.  Тап осындай тиімді сауда-сатық Нидерландымен – 46,3%, Ресеймен – 42,5%, Өзбекстанмен –37,6% және Оңтүстік Кореямен – 36,1%-ға өскен. Есесіне Қытай мен Үндістанмен бизнес аралас-құраластық кеми түскен.

Қазақ елінің экспорты 2021 жылдың қаңтар-тамыз айлары аралығында  $37,4 млрд-ды құрап, өткен жылға қарағанда 16%-ға артып отыр.

Әбіл-Серік Әліакбар

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5502