Жұма, 22 Қараша 2024
Күбіртке 6289 5 пікір 21 Қазан, 2021 сағат 15:11

Сібір үшін «соғыс»: Су қымбат па, әлде мұнай ма?

Каспий мен Балқаш түптің түбі Арал теңізінің аяғын құшады. Қазақстанды «су тәуелсіздігі» декларациясын жариялаудың жаңа бір кезеңі күтіп тұр. Бір жұтым су - мұнайдан қымбат заман келе жатыр.

Тарихқа қарасақ, Қазақ хан-сұлтандарының басты соғыс аймағы - Түркістан мен Самарқан арасындағы стратегиялық сауда кенттерде көп орын алған екен. Заман өзгерді, дүние шыр көбелек айналды. Қазір ол аймақтың трансшекаралық өзен-суларының 70-80 пайызы өзге елдерге тәуелді. (М: Өзбекстан 70% сыртқа тәуелді)

Қытай мен Ресейдің ұзақ келешекке жоспарланған «су стратегиясы» биыл біртіндеп нәтижесін көрсетіп жатыр. Бізге «су қымбат па, әлде мұнай қымбат па?» дейтін таңдау түсері анық. Басқасы емес «балығы тайдай тулаған, бақасы қойдай шулаған» Еділ мен Жайық тартылады десе кім сенеді?!

Алда стратегиялық мемлекеттік жобаға екі ірі нысан сөзсіз кіруі керек деп ойлаймын. Олар:

Сібір хандығы және Ібір-Сібір су стратегиясы.

Сібір хандығы біздің тарихи стратегиялық құндылықтарымыздың кем-кетік тұсын толықтыра түседі. Негізінде біз «Сырдың бойынан шықпайтын тарих» жазғанымыз үшін көбірек Ресейдің саяси провокациясына ұшырап жатамыз. Ібір мен Сібірді игерген біздің төл тарихымыз ескерусіз кетіп жатады. Мәскеу біздің солтүстік аймаққа не үшін қызығады, өйткені ол Сібір даласының ең жанға жайлы аймақтарының бір пұшпанағы. Бізде қалған тоқымдай аймақты тіліп алып, бірбүтін Сібірді қалпына келтіргісі келеді... Келешекте әлем алпауыт елдері Сібір үшін таласқа түспек, Қытай екібастан Сібірге қол салып жатыр. Алаш көсемдері Семей мен Қараөткелді неге армандады, ол да әне Сібірдің қаптал қолтығы болғаны үшін.

Ал, Ібір-Сібір проектісі біздің су стратегиямыздың жаңа арқау көзі болмақ. Шоқан мен Әлиханның Сібір жаққа аңсарының аууы текке емес. Түптің түбі осы аймаққа тәуелді боламыз, осы бастан соның ірі жобасын қолға алуымыз керек. Қазақ хан-сұлтандары Самарқан мен Тәшкен үшін соғысса, осы күні біз Сібір үшін «соғыс» салуымыз керек.

Қазір Ресей, АҚШ және Қытайдың «Арктика соғысы» жүріп жатыр. Біз Арктика үшін белдеспесек те, Ібір-Сібірге жақын аймақтарды игеруге барынша назар аударуымыз тиіс. Ол үшін ірі мемжобалар Сібірге түйіскен қалаларда орындалуы керек. Қыл қысқасы келешекте оңтүстік аймақ құбы шөлге, ал Арқа ыстық белдеуге өзгереді. Климаттың өзгерісіне сай солтүстіктегі шағын елді-мекендер болашақта зәулім мегаполиске айнала бастайды. (Оңтүстік аймақтардағы қалалар тарихи, мәдени қала-кент болып сақтала береді.)

Елдес Орда

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1453
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3216
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5255