Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3393 0 пікір 2 Шілде, 2012 сағат 11:12

Алматы облысында балабақшада уланғандардың саны 24-ке жетті

ТАЛДЫҚОРҒАН. 2 шілде. ҚазАқпарат - Алматы облысының Көксу орталық аудандық ауруханасына таңертеңнен бері Балпақ ауылынан тағы да 6 бала жеткізілді. Олардың барлығы «Қуаныш» балабақшасында уланған.

Облыстық мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық қадағалау департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, қазіргі уақытта 24 бала жұқпалы аурулар бөлімінде жатыр. Балалардың ыстығы 39-39 градусқа көтеріліп, іші өтіп, құсу белгілерімен жеткізілген.

Қазіргі уақытта дәрігерлер балалардың жағдайын орташа деп бағалауда.

Келеңсіз жағдай орын алған жерге облыстық мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық қадағалау департаментінің директоры Ерғали Сыдыманов штабтың көшпелі отырысын ұйымдастырды. Қазіргі уақытта балабақшада облыстық мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық қадағалау комитеті департаментінің және облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының 4 маманы жұмыс істеуде. 

Бүлдіршіндердің неден уланғаны әзірге белгісіз болып отыр.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371