Жұма, 22 Қараша 2024
Билік 2373 0 пікір 27 Қазан, 2021 сағат 16:27

Тұрғанов: БАӘ-мен келісім "жасыл" экономиканы белсенді дамытуға мүмкіндік береді

Электр энергетикасы инвестициялық ынтымақтастықтың негізгі бағыттарының бірі болып табылатын Біріккен Араб Әмірліктерімен үкіметаралық келісім Қазақстан үшін үлкен басымдықтарды қамтиды. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Дүйсенбай Тұрғанов екі ел арасындағы келісімге қатысты өзінің пікірін айтты.

Депутаттың айтуынша, бүгінгі таңда елдің пандемиядан кейінгі дамуы жағдайында электр энергетикасы сияқты стратегиялық салаларға инвестициялар тарту - бұл тұтастай алғанда, Қазақстанның инвестициялық климатына, отандық кәсіпкерлікті дамытуға және ұлттық экономиканың негізгі салаларына озық әлемдік технологияларды тартуға оң әсер ететіні сөзсіз.

- Қазір еліміз жаңа Экологиялық кодекске сәйкес ең озық қолжетімді технологияларға көшеді. Сондықтан келісім шеңберінде стратегиялық жобаларды іске асыруды қамтитын мүмкіндіктер елімізге «жасыл» экономиканы белсенді дамытуға, қоршаған ортаға теріс әсер етумен күресуге мүмкіндік береді, - деді Дүйсенбай Тұрғанов.

Депутат атап өткендей, мұның бәрі жаңартылатын энергия көздері үлесінің артуына, жалпы алғанда электр энергетикасының технологиялық деңгейінің ұлғаюына ықпал ететін болады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5320