Сенбі, 19 Қыркүйек 2026
46 - сөз 4998 4 пікір 28 Қазан, 2021 сағат 13:59

Мәскеудің жетегінде әлі жүрміз

Ресей - федерациялық мемлекет. Бірақ Путин келгелі мемлекет құрылымы унитарлық сипат алып бара жатыр. Соның бір көрінісі ретінде тиісті заң жобасы әзірленді. Онда федерация құрамындағы субъектілердің басшыларының атауын өзгертіп, "президент" деген лауазымнан бас тарттыру туралы маңызды бап бар. Бұл талап, ең алдымен, ұлттық негізде құрылған республикалар мен округтерге қарсы бағытталғаны айтпаса да түсінікті.

Кремль де қу ғой, айтқанына көнген президенттерге биліктегі мерзімін "нөлдеп", қайтадан екі мерзім жылы орнында отыруына рұқсат берген. Яғни, қызметте қалып, отыра бергің келсе, "президент" атауынан бас тарт.
Татар ағайын кеше мінез танытты! Республика парламенті Кремльден келген заң жобасын қолдаудан бас тартты. Мінез!

Әрине, Мәскеу өз райынан қайта қоймас, діттегеніне жету үшін әртүрлі айла-тәсіл мен құйтырқы амалдарға барар. Осы ретте татар елінің саяси элитасының да бағасы белгілі боп қалары анық.
Сондықтан татар ағайынға амандық пен шыдамдық, ең бастысы, ұлттық бірлік тілейік!

Ал Мәскеуге формальды түрде тәуелсіз біз болсақ, оның жетегінде әлі жүрміз...

Әміржан Қосанов

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1321
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2888
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 974
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 904