Жұма, 22 Қараша 2024
2758 1 пікір 1 Қараша, 2021 сағат 17:17

Арнайы операция: Ірі шенеуніктер қамауға алынуда

Елімізде жемқорлық фактілеріне қатысты ірі операция басталды. Тінту мен қамауға алу Нұр-Сұлтан, Шымкент қалалары мен Түркістан, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Ақмола және Ақтөбе облыстарында жүргізіліп жатыр. 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ауыл шаруашылығын субсидиялауға бөлінген қаржыны жымқыру ісі бойынша арнайы операция жүргізілгенін мәлімдеді. Нұр-Сұлтан, Шымкент қалалары мен Түркістан, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Ақмола және Ақтөбе облыстарында тінту мен қамауға алу жүргізіліп жатыр.

"Барлығы ауыл шаруашылығына бөлінген субсидияны жымқыруға байланысты ұсталды", - деп хабарлады сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет. Агенттік толығырақ қосымша хабарлайтынын жеткізді.

Қазақстандық БАҚ-тың ақпараты бойынша, аталған қылмыс арқылы мемлекетке миллиардтаған шығын келген. Президент өз жолдауында миллиардтаған қаржының желге ұшқанын айтқан еді. Ал биыл елімізде мыңдаған мал құрғақшылық салдарынан қырылып қалды. Бұның барлығы ауыл шаруашылық саласындағы олқылықтарды анық көрсетті.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5329