Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2138 10 пікір 2 Қараша, 2021 сағат 16:56

Дін тақырыбында мақала жазған журналистер марапатталды

Алматыда журналистер арасында діннің өзекті мәселелері бойынша үздік материалдар байқауының жеңімпаздары марапатталды. Ағымдағы жылдың 2 қарашасында, «Kazzhol Park Almaty» қонақ үйіндегі «Ембі» залында жеңімпаздарды марапаттаудың салтанатты рәсімі өтті.

Байқауға Алматы қаласында жұмыс істейтін жергілікті және республикалық БАҚ журналистері, сарапшы-ғалымдар, тәуелсіз публицистер мен блогерлер қатысты. Ұсынылған жұмыстар діни заңнама нормаларын түсіндіру, конфессияаралық келісім мен толеранттылық, деструктивті ағымдардың әсер ету қаупі, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу және оған қарсы күрес сияқты өзекті мәселелерді қамтиды.

Әділ қазылар құрамына Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы басшысының орынбасары Ерғали Көшеке, Алматы қаласы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ директоры Дулат Ибрагимов, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ дінтану және мәдениеттану кафедрасының профессоры, фило.ғ.д. Нағима Байтенова, «Social Development Center» қоғамдық қорының атқарушы директоры Біржан Қазтұрғанов және журналист, радио жүргізушісі, редактор, продюсер Жандос Есеналиев кірді. Ұсынылған 195 жұмыстың ішінен 8 үздік жұмысты таңдап алынды.

Жеңімпаздар:
1. «Ең үздік телевизия жанры» номинациясын - «Хабар» телеканалы корреспонденті Амантаева Айгуль.
2. «Мерзімді баспасөздегі қазақ тіліндегі ең үздік публицистикалық мақала» номинациясын - «Егемен Қазақстан» республикалық газетінің журналисі Базаров Жолдыбай.
3. «Мерзімді баспасөздегі орыс тіліндегі ең үздік публицистикалық мақала» номинациясын - «Қазақ үні» аймақтық газетінің журналисі Елдес Дастан.
4. «Интернет-ресурстағы қазақ тіліндегі ең үздік мақала» номинациясын - Azattyq Rýhy ақпараттық агенттігінің журналисі Каленова Эльмира.
5. «Интернет-ресурстағы орыс тіліндегі ең үздік мақала» номинациясын - Qmonitor желілік басылым шолушысы Исабаева Сауле.
6. «Интернет желісіндегі ең үздік бейнеролик» номинациясын – TAUNEWS жаңалықтар порталының журналисі Сагиндыкова Шынар.
7. «Ең белсенді блогер» номинациясын – Касенғалиев Асхат.
8. «Интернет-ресурстағы деструктивті және радикалды діни ұйымдар идеологиясын дискредитациялауға бағытталған қазақ және орыс тілдеріндегі үздік мақала» номинациясын – «Exclusive» шолу-талдау журналының журналисі Абжан Махамбет иеленді.

Сонымен қатар, қатысушыларға 8 ынталандыру сыйлықтары табысталды.
Іс-шараны Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы мен «Social Development Center» қоғамдық қоры ұйымдастырды.

Abai.kz

10 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3238
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377