Сенбі, 23 Қараша 2024
2625 1 пікір 2 Қараша, 2021 сағат 19:36

Қазақстанда көмір бағасы қымбаттады

Биыл елде көмірдің бағасы 5 пайызға қымбаттаған. ШҚО-да бағаның өсуі бірден 11 пайызды құраса, ал оңтүстік өңірлерде 7 пайызға жеткен, деп хабарлады qamshy.kz сайты.

Лигнит пен көмір концентратын қоса алғанда, өндірілген көмірдің көлемі осы жылдың қаңтар-қыркүйек айларында 82,1 млн тоннаға тең. Бұл – 2020 жылмен салыстырғанда 1,5 пайызға артық.

Өндірістің жартысынан көбі дәстүрлі түрде Павлодар облысына (47,9 млн тонна), үштен бірі – Қарағанды облысына (27,7 млн тонна), айтарлықтай бөлігі Шығыс Қазақстан облысына (6 млн тонна) тиесілі.

2021 жылдың қыркүйек айының қорытындысы бойынша көмір бағасы орташа есеппен бір жылда 5,1 пайызға өскен. Сектордағы бағаның өсуі екінші жыл қатарынан байқалады.

Баға 17 өңірдің 14-інде біршама өскен. Айталық, Шығыс Қазақстан облысында (жылына 10,8%-ға), одан кейін Жамбыл және Түркістан облыстарында (8,6%-ға) күрт өскен. Тас көмір бағасы төмендеген жалғыз өңір – Батыс Қазақстан облысы (1%-ға).

Көмірді арзан бағамен Семейден (тоннасы 9,8 мың теңге), Қарағандыдан (10,8 мың теңге) және Өскеменнен (10,9 мың теңге) сатып алуға болатын болса, Оралда көмірдің бағасы тоннасына 19,3 мың теңгеденсатылып жатыр. Таразда қатты отынның тоннасы 15,6 мың теңге, Түркістанда 15,3 мың теңгені құрайды.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377