Сенбі, 23 Қараша 2024
3043 2 пікір 4 Қараша, 2021 сағат 15:10

Pfizer келе жатыр

Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов Pfizer вакцинасын жеткізу 8-14 қараша аралығында жүзеге асырылатынын айтты.

"Бұған дейін жарияланған келісім-шарттық міндеттемелерге сәйкес, екі миллион адамға екі миллионға жуық вакцина келеді, бұл төрт миллионға жуық вакцина деген сөз", - деді Шоранов үкімет отырысынан кейін журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып. Оның айтуынша, вакцинаны аймақтарға тарату жұмыстары жүргізілетін болады.

"Әр өңірге вакциналар таратылады. Халықтың санына қарай жеткізіледі", - деп қосты ол. Қазақстанда Pfizer вакцинасын 12 жастан асқан балаларды олардың ата-аналарының және заңды өкілдерінің, сондай-ақ жүкті және бала емізетін әйелдердің ерікті келісімімен егуді жоспарлап отыр.

Қыркүйек айында Pfizer вакцинасы Қазақстанда уақытша тіркеуден өтті, ал қазан айында еліміздің бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ердан Қиясов осы вакцинамен егу науқанын бастау туралы қаулыға қол қойды. Қазақстан Pfizer препаратының 4 миллион дозасын жеткізуге келісімшартқа отырды.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3238
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377