Сейсенбі, 29 Қазан 2024
Жаңалықтар 2952 0 пікір 8 Қараша, 2021 сағат 11:24

Біз бақытты отбасымыз

SSUCv3H4sIAAAAAAAEAJ2Ry27DIBBF95X6DxZrW/ID/OivRF1gmDijOKYCnCqK/O8FY0uz7o57LjPMHd6fH1nGRulQsa/sHVXQOM+r81Z6NEvAZX5w0OiNRTlHGNm2O8x56VcHLrY4kJIepnA3waP+fOeSdHYauxkqgsVYTphbx52daMv/XZkO32cUOcGiXvvAJIiFGWQKcklX2f3Xg33QaE/UYIiWq0ZDUj6NknMsaEjnH4sKl4mUGX8DSzcWVm4eBCzG75McwZgOK42yaqq+bQZec9Hwoe7bjp3fYNQdNZ01/cwNg2VfhKOOnUTZlVehhqLiQhW8G6qi52VfjJVoa+jFtQUeNrj9AfeSpWgmAgAA

Баланың бақыты ата-анасының махаббатына тойғаны. Бала отбасын бұзылмас қорғанындай көреді. «Бақытты отбасы» дегенде оның көз алдына әке-шешесінің еркелеткені, ботам деп бауырына басқаны келеді. Алайда, «Бақытты отбасы» ролигінің айтпағы басқа.

Елімізде ушыққан мәселенің бірі – балаға алимент төлеуден жалтару. 2021 жылдың 1 мамырындағы статистика бойынша алимент төлемей жүргендер саны 220 785 адамға жеткен. Оның 97% ер адамдар екен.

Бір шаңырақ астында өмір сүруге бел буып, өмірге сәби әкелген әр отбасы бала алдында үлкен жауапкершілік арқалайды. Өкінішке қарай, елімізде әр үшінші отбасы ажырасып тынады. Әке-шешесі екі жаққа кеткен бала көбіне анасымен қалады. Ал, әкесі алимент төлеу міндетін мойнына алады. Бала әкесімен қалған жағдайда, анасы алимент төлеуі тиіс.

«Алимент төлеуден жалтарушы жақ» көбіне алимент төлемеу үшін кәсібін туыстарының атына жаздырып, кірісін жасырады әрі бала өміріне мүлде араласпайды.

Заң бойынша алимент төлеуден жалтарғандарға әр түрлі қатал шаралар қолданылады. Шетелге шығу құқығынан айырылады, дүние-мүлкі мен шоттары бұғатталады, көлік жүргізу құқығы да шектеледі. Ең қатты дегені Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 139-бабына сәйкес, сот 600 сағатқа қоғамдық жұмысқа, екі жылға бас бостандығынан айыруға жаза тағайындалуы мүмкін.

Abai.kz

0 пікір