Қазақстанда әуе тасымалы қымбаттады
Қазақстандықтар үшін әуе рейстері қымбаттап барады. Әуе қызметтерінің бағасы бір жылда 9%-ға өсті.
Өңірлік тұрғыда Түркістан облысының тұрғындары бағаның өсуін ең көп сезінді, баға жылдық динамика бойынша 30%-ға өскен. Сонымен қатар Маңғыстау мен Қызылорда облыстарында билет құны шарықтап кеткен.
17 аймақтың ішінде (14 облыс пен үш қала) тек Солтүстік Қазақстан облысында ғана баға өткен жылдың қазан айындағы деңгейінде қалып отыр. Бағаның төмендеуі тағы үш облыста байқалады: Павлодарда (12,7%-ға), Батыс Қазақстанда (15,3%-ға) және Ақмолада (22,5%-ға) түскен.
Сарапшылардың бағалауынша, 2021 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында әуе компанияларының кірісі бір жылда бірден екі есеге жуық өскенін көрсетіп, 265,7 млрд теңгеге жеткен. Кірістердің негізгі бөлігі – 252,6 млрд теңге дәстүрлі түрде жолаушылар тасымалы арқылы алынса, қалған 13,1 млрд теңге жүк тасымалынан түскен.
Abai.kz