Сенбі, 23 Қараша 2024
2172 0 пікір 10 Қараша, 2021 сағат 12:08

Қазақстанда 22-қарашада ревакцинация басталады

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстандағы ревакцинацияның мерзімі мен ерекшеліктері туралы айтты. 

«Қайта вакцинация 22 қарашада басталып, екі кезеңде өтеді. Ең алдымен, тәуекел тобына жататын адамдар вакцинацияланады: ағымдағы жылдың соңына дейін бастапқы егу мерзімін ескере отырып, халықтың осал топтары – медицина қызметкерлері, мұғалімдер, медициналық-әлеуметтік мекемелердің қызметкерлері, жабық балалар мекемелері, тәртіп сақшылары ревакцинацияланады», - деді ол.

Министр қайта вакцинация жасау жайлы былай деді. «Жаппай бастапқы екпенің сәуір айында басталғанын ескере отырып, 2022 жылдың қаңтарынан бастап вакцинацияның толық курсынан кейін 6-9 айдан кейін бастапқы екпеден өткен республиканың барлық азаматтары қайта вакцинациялауға жатады. Осыған байланысты ревакцинацияның екінші кезеңінде бастапқы екпеден өткен және қайта егу мерзімі келген қалған азаматтар қайта вакцинациядан өтеді», - деді ол.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5437