Қажымұқан Ғабдолла. Қазіргі қазақ депутаты қандай?
Кеңестің кезеңді көп сөгеміз, сөге-жамандаймыз. Расында, орыстың қолына қараған күндер қараңғы: келешегі - күңгірт, болашағы - бұлыңғыр болатын...
Бірақ, кеңестің депутатын, яғни, қарапайым жұртшылықтың өкілін «халық қалаулысы» деп құрметпен атап, мұқым ел барлық шағымы мен арызын депутатқа аманат етіп жүктейтін де, нақты нәтижесін күтетін... Және сол халықтың аманаты сөзсіз орындалып, нақты нәтижесін беретін: ауылдарға оқтай түзу жолдар салынатын, өзендерге мықты көпірлер төселетін, нақақ күйіп, жазықсыз сотталғандар еркіндікке шығатын...
Қазір қалай?..
Қазіргі Мәжіліс пен Сенаттың депутаттарының ресми жалақысы 700 мың теңгеден - 1 млн теңгеге дейін жетеді. Қызметтік пәтерлері мен көліктері бар және біз білмейтін қаншама жеңілдіктер мен сыйақылар алатындығын бір құдай мен өздері ғана біледі...
Қазіргі қазақтың депутатының тағы бір білетіні: ас ішіп, аяқ босату. Қазақ депутатының білмейтінінің шегі жоқ: мысалы, халықтың мұңын тыңдамайды, тыңдамағандықтан - білмейді; дүкендер мен базарларға бармайды, бармағандықтан - бағалардың шарықтап өсіп жатқанынан білмейді...

Сосын, мұнайшылардың мұңдарын да білмейді, Жаңаөзенде мұнайшыларды қойдай қыруға кімнің нұсқау бергенін де білмейді, кімдердің оқ атқанын да білмейді, мұнайшыларды нақақ, дәлелсіз соттауға кімнің лұқсат бергенін де білмейді; шекарашы жастардың кімнің өртегенін де, неге өртенгенін де білмейді, Жанболат Мамайдың абақтыға неліктен түскенін де білмейді...
Сонда қазақ депутаты не біледі?
Қазақ депутатының білетіні: депутаттыққа өтердің алдындағы сүзгіден сүрінбей өтуі; саяси көзқарасының билікпен бітеқайнасуы; айрықша да оғаш пікірлерден ада болуы; «мағынасыз» мәлімдемелерден бойды аулақ салуы; жоғарыдан түскен нұсқауларға қарсы болмауы; жеке көзқарас танытып, аса белсенділікпен жарқырап алға шықпауы; биліктің батасынсыз әріптестерімен бірігіп, топтар мен «тобырлар» құрмауы; бюджетті қабылдауда берекесіздік те етпеуі, қалғып та кетпеуі т. с. с.
...Коммунистер мен капиталистер бір қазаннан ас ішіп, адамзат тарихында бұрын-соңды болмаған саяси төңкеріс жасаған Қазақ Елінің жаңа Мәжілісі алты айдың ішінде 70-ке тарта заң жобаларын қарастырып, 300-дей депутаттық сауалдар жолдапты... Әйткенмен, бұлқынған баға - тоқтар емес, жыртылған жаға - бүтінделер емес...
«Қатқан» алты ай - жатқан жарты айға ұласып, депутаттар демдерін басып, емдерін алып, бастарын қасып жатыр...
Алда алар талай асулар бар: Ақорданың «жүрек лүпілін» дәп басып, дөп табу - «қалаулылардың» ғана қолынан келеді... («Қалғаны күл болмаса, бүл болсын!..»)
«Абай-ақпарат»