Сейсенбі, 15 Қазан 2024
2639 0 пікір 11 Қараша, 2021 сағат 12:19

Илон Маск екі күнде 50 миллиард доллар жоғалтты

Америкалық кәсіпкер Илон Маск өзіне тиесілі Tesla акцияларының құнының төмендеуіне байланысты екі күнде 50 миллиард доллардан астам шығынға ұшырады. Бұл туралы Bloomberg іскерлік ақпарат агенттігі хабарлады.

Маск сенбі күні Twitter пайдаланушыларынан компаниядағы 10% үлесін сату керек пе деп сұрағаннан кейін электромобиль өндірушінің акциялары төмендей бастады. Сейсенбі күнгі Нью-Йорк қор биржасында сауданың жабылуына қарай Tesla акциялары 16%-дан астам төмендеді.

Бұл жағдай кәсіпкердің өзінің әл-ауқатын бағалауға әсер етті. Bloomberg мәліметінше, екі күн ішінде планетаның ең бай адамы 50 миллиард доллардан астам қаржы жоғалтқан. Дүйсенбіде Bloomberg Масктың байлығын 323 миллиард долларға, Безосты 201 миллиард долларға бағалады. 1 қарашада Forbes журналының мәліметінше, Tesla басшысы тарихтағы байлығы 300 миллиард доллардан асқан бірінші адам болды.

Abai.kz

0 пікір