Армения: Қош бол, кірлеген Ресей!
Армения астанасы Ереванда оппозиция өкілдері Қарабақтағы соғыс қимылдарының аяқталуына бір жыл толуына арналған митингте шықты. Олар премьер-министр Пашинян мен оның үкіметі толықтай отставкаға кетуін талап етті.
Шеруге шыққан белсенділер елдің экономикасының құлдыруы, тауар бағасының шарықтауы, жемқорлықтың жайыла түсуі, белсенділерді қудалау әрекеті мен сотқа қысым көрсету фактілерінің жалғасуына билікті кінәлады.
Митингіде халыққа үндеу жолдаған Арменияның бұрынғы президенті Роберт Кочарян: «Қазіргі билік Таулы Қарабақтағы соғыс өртінің тұтануына тікелей атсалысты, әрі Пашинян соғыста жеңілу үшін барын салды», - деді.
Соғыстан кейінгі шакараның демаркациясы мен делимитациясы туралы айтқан ол, «Ереван қазір ешқандай құжатқа қол қоя алмайды, бұл Арменияның Қарабақпен тіпті Иранмен байланысын біржола үзуге апаратын қадам болуы мүмкін екенін», мәлімдеді.
2020 жылғы Армения мен Әзірбайжан арасында болған кезекті үлкен қақтығыстан кейін Қарабақ шиеленісіне нүкте қойылған болатын. Мәмілеге Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиев, Армения премьер-министрі Никол Пашинян және Ресей президенті Владимир Путин қол қойды. Келісім былтыр қарашаның онында күшіне енді. Қарабақ өзінің ежелгі һәм әділетті иесі Әзірбайжанға қайтарылды. Ал, келісім бойынша Ресейдің 1960 әскері Қарабақтан Арменияға және Нахичеваннан Әзірбайжанның батыс аймақтарына өтетін дәлізде «бейбітшілік күзетушісі» болып бес жылға қалды. Армяндардың екі жақтағы шекарасын да бақылауында ұстаған Ресей Арменияны өзіне бұрыннан бетер кіріптар ете түсті.
Қарабақ жанжалынан кейін де Никол Пашинянның партиясы Президент сайлауында жеңіске жеткен болатын. Бірақ елдегі соғыстан кейінгі қиындықтар, ішкі саясаттағы дағдарысты Пашинян үкіметі еңсере алмады. Өзара диалогқа шақырған премьер-министрмен оппозиция тек биліктен кеткен кезде ғана сөйлесетінін айтты. «Біз қалай болғанда да билікке қарсылығымызды тоқтатпауымыз керек, егер осы күшімізбен қарсы тұрсақ аз уақытта үкіметті орнынан тайдыра аламыз. Біз қазір билікте отырғандарды қуып шығамыз», - деді Кочарян митингіде.
«Айастан» блогының депутаты Гегем Манукян: «Билікте отырғандар Армения мен Қарабақтағы армян халқының қалауына қарай жұмыс істей алмайды», - деді. «Бүгін сегізінші қарашадан бастап Пашинян үкіметімен күресудің жаңа белесіне өттік. «Қарабақтағы соғыста масқара болғаннан кейін-ақ Пашинянның еларалық келсімді жүргізе алмайтынына куә болдық. Қолда бардан айырылып қалмай тұрғанда, біз оны қалайда отставкаға кетіруіміз керек», - деп түйіндеді депутат.
Ауқымды наразылық шеруінде белсенділер Арменияның Ресеймен қарым-қатынасын үзуін қалайтынын көрсетті.
Олар «Армяндар мен орыс халқының арасында ешқашан достық болмағанын» алға тартты. Митингіге қатысуышы алаңда Лермонтовтың «Қош бол, Ресей кірлеген» деген сөзін ұрандатты.
Бір жыл бұрын, 10 қарашада 44 күнге созылған екінші Қарабақ соғысы аяқталған еді. Армения тарапы жеңіліс тауып, Үшжақты (Ресей, Әзербайжан, Армения) келісім жасасты. Арменияда әлі күнге дейін жалғасып жатқан саяси дағдарыс басталды.
Айжан Темірхан
Abai.kz