Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 1916 0 пікір 15 Қазан, 2021 сағат 18:08

Дін істері комитетінің маңызы мен тарихы

Дін кез келген мемлекет үшін аса маңызды. Адамдардың сенімі мен өзара түсіністігі мемлекеттің болашағын анықтап бермек. Қазақстан үшін ол дәл солай. Ағымдағы 2021 жыл екі мерейтойды қамтиды – осыдан он бес жыл бұрын тәуелсіз Қазақстанның тарихында тұңғыш рет дін саласындағы уәкілетті орган – Дін істері комитеті құрылды, сондай-ақ он жыл бұрын жаңа «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заң қабылданды. «Қазақстан Республикасының ең үздік мемлекеттік қызметкері» бірінші республикалық байқауының жеңімпазы, ҚР Парламенті Мәжілісінің бас консультанты Жанна Оңлашева Қазақстанда Комитеттің қалай құрылғаны, қандай қызмет атқаратыны туралы маңызды ақпараттарды айтып берді.

«Дін істері комитеті құрылған кезде оның қажеттілігі туралы қоғамда пікірталастар болды. Өйткені, мемлекет діннен бөлек, бұл салаға араласа алмайды деп уәж айтқандар да болды. Алайда, міне, араға он бес жыл салып, мемлекет атынан діни бірлестіктермен өзара әрекеттесетін Комитет құру туралы шешімнің қаншалықты дұрыс болғанын көріп отырмыз. Оның қажеттiлiгiнiң басты дәлелi, жан-жақты жұмыс, оның iшiнде, ең алдымен, дiни ахуалды талдау қажет. Өйткені, діни сала серпінді дамып келеді, азаматтарымыздың өміріне әсер ететін оң да, теріс те тенденциялар ұдайы туындап отырады және қазіргі үдерістерді сараптау, жанжалдардың алдын алу – мемлекеттің міндеті», – деді заң ғылымдарының кандидаты Жанна Оңлашева.

Ол осы кезеңде Қазақстандағы мемлекет пен дін бір-бірінен бөлек болғандықтан, мемлекет діни бірлестіктердің қызметіне араласа ала ма, олардың қызметінің тәртібін белгілей ала ма деген сұрақты анықтау маңызды болғанын атап өтті.

«Шет елдердегі мемлекеттік-конфессиялық қарым-қатынас тәжірибесін талдай отырып, іс жүзінде барлық елдер конфессиялардың қызметін реттейтін нормаларды өз заңнамаларында міндетті түрде бекітеді, сондай-ақ қажет болған жағдайда діни сенім бостандығын шектейді деген қорытындыға келуге болады. Және бұл адам құқықтары жөніндегі халықаралық құжаттарға толығымен сәйкес келеді. Ең маңызды актілердің бірі – Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пакт – дінді ұстану немесе наным-сенім бостандығына тек заңмен белгіленген және қоғамдық қауіпсіздікті, тәртіпті, денсаулық пен имандылықты қорғау үшін қажетті шектеулер ғана қолданылатынын, сондай-ақ басқалардың негізгі құқықтары мен бостандықтарын сақтайтыны айтылған», - деп түсіндірді спикер.

Дін істері комитеті құрылғаннан кейін бірден күн тәртібіне қойылған осы уақытқа дейін ең көп талқыланған мәселелердің бірі – діни сенім бостандығын шектеу мәселесі. Қазақстан Конституциясында әркімнің, яғни ел азаматтарының, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың ар-ождан бостандығына құқығы бекітілген. Қазақстан Республикасы Конституциясының 39-бабына сәйкес ар-ождан бостандығын ешбір жағдайда шектеуге болмайды. Осыған байланысты діни сенім бостандығы мен ар-ождан бостандығының арақатынасы туралы сұрақ туындайтыны анық. Ол туралы да маман өз пікірін білдіріп, былай дейді.

«Дін істері комитетінің жұмысы барысында қыруар істер атқарылды. Бірден осы саладағы барлық мәселелер орталықтандырылған түрде талданып, шешу жолдары әзірленді. Мәселен, жағдайды талдау «Білім туралы» Заңның талаптарына қарамастан, ұзақ жылдар бойы әртүрлі конфессиялардың діни оқу орындары лицензиясыз жұмыс істеп, ал кей жұмыс істемейтін діни академиялар анықталғанын көрсетті. Осыған орай, бірнеше ай бойы Қазақстан Республикасы Дін істері комитеті мен Білім министрлігінің бір топ қызметкерлері бірлесіп жұмыс істеп, нәтижесінде діни білім беру ұйымдарын лицензиялау және белсенді емес білім беру ұйымдарын тарату жұмыстары басталды», - дейді маман.

Жанна Оңлашева атап өткендей, Комитеттің үлкен жетістігі – «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» жаңа Заңның қабылдануы. «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы» тұңғыш заң – егеменді Қазақстанның алғашқы заңдарының бірі, ол тәуелсіздік алғаннан кейін бір жыл өткен соң, 1992 жылы 15 қаңтарда қабылданды. Сол кезде бұл үлкен сұранысқа ие болды, өйткені діндарлар мен діни бірлестіктерге кеңестік заңнамамен белгіленген көптеген шектеулер мен талаптар жойылды », - деп қосты ол.

«Бірақ уақыт өте келе жаңа мәселелер туындай бастады. Кеңестік кезеңде «темір шымылдықпен» жабылған Қазақстан үшін экстремистік ағымдардың таралуы, идеологиясы белгісіз жаңа ұйымдардың, оның ішінде денсаулық сақтау жүйесінің қызметтерін пайдаланудан бас тартуды жақтайтын ұйымдардың пайда болуы, отбасы мүшелерімен қарым-қатынастың үзілуі үлкен қиындыққа айналды. Сондықтан «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы» Заңға бірнеше рет өзгерістер мен толықтырулар енгізу әрекеті жасалды, осыған байланысты діни сенім бостандығынан ерекшеленетін мемлекеттік-конфессиялық қатынастардың бірінші кезеңі аяқталды. Осы жаңа жағдайда мемлекет пен діни бірлестіктердің қарым-қатынасы қандай болуы керек, мемлекет діни бостандықтарды шектей ме және оны қаншалықты жасай алады деген сұрақ туындады», - деп түсіндірді ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының бас консультанты Жанна Оңлашева.

Жалпы, мұндай жағдайға қазақстандықтардың бәрі бірдей дайын болмағанын, кейбір қандастарымыздың кеңестік тыйымдарға қайта оралудан қорқатынын, діни бірлестіктердің қызметін оңтайландыру қажеттілігінен бас тартқанын атап өтуге болады. Өйткені, «Ар-ождан бостандығы және діни бірлестіктер туралы» Заңның бірінші редакциясында іс жүзінде шектеуші нормалар болмаған. Заңның либералдылығы сонша, діни орталық пен жергілікті діни бірлестікті құруға бірдей талаптар қойылды. Оларды он құрылтайшы құра алатын еді. Сондықтан Қазақстанда діни қызмет туралы жаңа заң қабылданғанға дейін іс жүзінде ешбір діни бірлестіктерді білдірмейтін, іс жүзінде жергілікті діни бірлестіктер болып табылатын, бірақ көптеген діни бірлестіктерді біріктіретіндермен бірдей мәртебеге ие болған бірқатар діни орталықтар болды.

Діни бірлестіктерді тіркеуге қойылатын талаптардың жоқтығынан діни әдебиеттер мен діни заттарды шығарумен айналысатын коммерциялық ұйымдарды діни бірлестіктер ретінде тіркеу жағдайлары орын алғанын, өйткені соңғылары өткізу кезінде қосылған құн салығынан босатылатынын да қолданған жайттар кездесті. Осы және басқа да аталған мәселелер діни бірлестіктердің тіркелу тәртібін және тұтастай алғанда қызметін түбегейлі пысықтау міндетін қойды.

Осындай жағдайда Дін істері комитеті «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңның қазіргі нұсқасын әзірледі. Онда көптеген жаңа ережелер, соның ішінде миссионерлерді, діни бірлестіктерді, діни оқу орындарын тіркеу, наным-сенімдерді тарату, діни жоралғылар және т.б. нақты айтылды.

Заңның үлкен жаңалығы басқа елдердің заңнамасында жоқ «діни қызмет» ұғымының пайда болуы болды. Сонымен бірге, аталған заң жұмыс істеген он жыл ішінде оған жеті заңмен өзгертулер мен толықтырулар енгізіліп, сонымен бірге олардың біреуі ғана діни салаға тікелей қатысты болса, қалғандары оны басқа заңдарға сәйкес келтіруді көздейді. Расында, «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңды Қазақстандағы ең тұрақты заңдардың бірі деп тануға болады. Соған қарамастан, өмір бір орнында тұрмайды, дін сияқты нәзік салада проблемалардың алдын алу үшін барлық шараларды қолдану қажет. Осы орайда, Дін істері комитетінің қызметкерлеріне алдағы уақытта да өз жұмысын жоғары деңгейде жүргізіп, туындаған сын-қатерлерге дер кезінде ден қойып отыру міндеті тұр.

Таяу Шығыс елдерінің басым бөлігі дінге қатысты нақты заңдар қабылдамай, ақыры тәуелсіздіктері шатқаяқтап қалғаны бар. Ал Қазақстан ондай қателіктерге жол бермеуі тиіс. Ақылды ел өзгенің қателігінен сабақ алады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1486
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3256
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5515