Сенбі, 23 Қараша 2024
1910 4 пікір 16 Қараша, 2021 сағат 11:52

Енді Pfizer вакцинасын ақылы түрде салдыра аласыз

Қазақстандықтарды ақылы негізде егу үшін Pfizer вакцинасы ұсынылады. Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой осындай ұсыныс жасады. 

Алексей Цой Қазақстан 379 мың доза көлеміндегі Pfizer вакцинасының бірінші партиясын алғанын еске салды. Екінші партияны жеткізу 20 қарашаға жоспарланған. Оның айтуынша, осы уақытқа дейін Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Түркістан облыстарында, сондай-ақ Алматы, Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларында аталмыш препаратпен екпе егу басталды.

"Бүгінгі таңда 1313 балаға, 247 жүкті және бала емізетін әйелдерге екпе егілді. Қазақстан Республикасы аумағында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау жөніндегі МАБ тапсырмасына сәйкес халықты қалауы бойынша вакцинациялау үшін CVI-ға қарсы Pfizer вакцинасын коммерциялық нарықта сату мүмкіндігі туралы Үкімет қаулысының жобасы әзірленді. Қолдауыңызды өтінемін", - деді Цой.

Бұл ұсынысты премьер-министр қолдады.

Abai.kz

 

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5502