ШҚМТУ: 20 қадамға қарай қаз басқан түлек тәрбиелеп жатыр
Әлеуметтік селқостықтан жалпыға ортақ еңбек қоғамына бағыт ұстайық. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған қазақстандық дамудың жаңа жолы еліміз еңбекшілерінің жігерін тасытып, күш-қуатын еселей түсті.
«Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» деп аталатын бағдарламалық мақалада бүкіл жаңғырту үдерісі табысының басты факторларының бірі ретінде білім берудің ұлттық жүйесін жаңалау көрсетілген. Бұл істегі жағдайға сын тұрғысынан талдау жасалып, күрделі мәселелерді шешудің негізгі жолдары айқындалған. Қазақстан мектебінің жаңа жүйесінде өсудің формальды сандық көрсеткіштерін емес, басымдық тек нақты сапалы дамуға берілген.
Осыған байланысты негізгі құндылық жасампаз еңбек болуы тиіс. Қазақстан ғалымдары мен педагогтарының нағыз инновациялық әлеуметтік орта қалыптастыру жолындағы жауапкершілігі еселеп артады. Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұловтың маңызды бастамалары да осыған меңзейді.
Әлеуметтік селқостықтан жалпыға ортақ еңбек қоғамына бағыт ұстайық. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған қазақстандық дамудың жаңа жолы еліміз еңбекшілерінің жігерін тасытып, күш-қуатын еселей түсті.
«Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» деп аталатын бағдарламалық мақалада бүкіл жаңғырту үдерісі табысының басты факторларының бірі ретінде білім берудің ұлттық жүйесін жаңалау көрсетілген. Бұл істегі жағдайға сын тұрғысынан талдау жасалып, күрделі мәселелерді шешудің негізгі жолдары айқындалған. Қазақстан мектебінің жаңа жүйесінде өсудің формальды сандық көрсеткіштерін емес, басымдық тек нақты сапалы дамуға берілген.
Осыған байланысты негізгі құндылық жасампаз еңбек болуы тиіс. Қазақстан ғалымдары мен педагогтарының нағыз инновациялық әлеуметтік орта қалыптастыру жолындағы жауапкершілігі еселеп артады. Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұловтың маңызды бастамалары да осыған меңзейді.
Жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай жиырма қадам аясында Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ ұжымы өзінің кешенді шаралар жоспарын жасады. Оны жүзеге асыру әлеуметтік жаңғыртуға қуатты серпін беруі тиіс. Бағдарлама жасау барысында жас мамандарды даярлауға, қайта даярлауға және жұмысқа орналастыруға ерекше маңыз бердік. Президент дипломды жастардың жұмыссыздығына, жоғары оқу орындары түлектерінің арзан жұмыс күші ретінде пайдаланылатынына орынды өкініш білдірді. Әрбір жас маман оқытудың толыққанды циклынан өтуі керек, сонда ғана ол еңбек рыногында талапқа сай, қуана қарсы алынатын қызметкер бола алады.
Ол үшін бүгінгі жағдайда кадрларды даярлау мен қайта даярлау үдемелі индустриялық-инновациялық даму жөніндегі мемлекеттік бағдарламамен біте қайнаса іске асырылуы қажет. Бұл ретте оқу үдерісіне маманға тапсырыс беруші, яғни жұмыс беруші қосылуы тиіс. Ол болашақ маманның кәсібилігіне, оның нақты бір кәсіпорынның талаптарына сай болуына мүдделі болуы керек. Бұл жерде соңғы жылдары жұмыс берушілер Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің әріптестеріне айналып келе жатқанын, жоғары оқу орны мен өндірістің мүдделері бір арнаға тоғысқанын айта кеткен орынды. Кәсіпорын өзіне қажет болашақ маманын алдын ала таңдап алады. Ертеңгі инженер болашақ жұмысына нақты өндірістік жағдайда баулынады. Ол еңбек үдерісіне бойлап, жұмыс орнын көзімен көріп, өндірістік қондырғыларда жұмыс істеуге үйренеді. Осылайша ғана теориялық білім тікелей өндіріспен байланысады, студенттің дүниетанымы орнығады.
Болашақ инженер әзірлеудің ең төте жолы осы деп білемін. Сондықтан барлық мамандықтар бойынша осы модель қолданылады. Білім берудің мемлекеттік стандарттарында көзделген міндетті пәндерден тыс жоғарыдағыдай сұраныстан туған қосымша курстарды университет өзі талдап жасайды. Бұл тұста еңбек рыногының нақты талаптары қатаң ескеріледі. Қосымша курстар жасауға жұмыс беруші міндетті түрде қатысады, оның пікірі мен тілегі бойынша қосымша пәндердің каталогы жыл сайын өзгеріске ұшырап, толықтырылып отырады. Оқу үдерісін бұлай ұйымдастыру болашақ маманның еңбекке батыл араласуына жол ашары даусыз. Бүгінгі таңда барлық маман шығарушы кафедралар студенттермен жұмысты осылай істейді. «Геология және кен істері», «Химия, металлургия және байыту» кафедралары «Қазцинк» базасында өз филиалдарын ашты. Сөйтіп, ауыр, түсті, бағалы және сирек металдар жөніндегі дәрістер тікелей кәсіпорында оқылады. Жұмыс берушілер емтихан қабылдауға да белсене қатыстырылады. Аймақтағы автомобиль өнеркәсібін дамытудың қарлығашы «Азия Авто» акционерлік қоғамы болса, оған мамандар ШҚМТУ-да даярланады. Қазақстандағы осы ірі автомобиль жасаушы кәсіпорын мен біздің университеттің әріптестік қарым-қатынасы да көңіл аударарлық.
Қазіргі таңда Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-дың түлектеріне шетелдік компаниялар өкілдерінің көңілі ауа бастады. Әсіресе, кен өндірушілердің қызығушылығы басым. Осыны ескере отырып, біз студенттердің сегіз тобын құрдық. Олар алдағы оқу жылынан бастап ағылшын тілінде білім алады. Көп тілді маман әзірлеу саясатын алдағы уақытта да тереңдете бермекпіз.
Президент атап айтқандай, даму барысымызда біз кәсіби деңгейі отандық өндірістің сапасын қамтамасыз ететін практик-еңбеккер тәрбилеудің қаншалықты маңызды екенін бағалайтын межеге жеттік. Ол құрылыс, коммуналдық қызмет көрсету және экономиканың басқа да салаларының мамандарына түгел қатысты. Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-дың колледжінде болашақ металлургтер, механиктер, құрылысшылар, бағдарламашылар және бухгалтерлер заман талаптарына сай жабдықталған құрылыс, слесарь және дәнекерлеу шеберханаларында оқиды, зертханалар мен кабинеттер жыл сайын жаңартылып, жетілдіріліп отырады. Оқу үдерісі шәкірттер оқу семестрінің алғашқы күнінен қаланың «Қазцинк», Үлбі металлургия зауыты, Титан-магний комбинаты, «Азия Авто», «Востокмашзавод» сияқты ірі кәсіпорындарында еңбектің әдіс-тәсілдерін меңгеруден бастайтындай ұйымдастырылған. Бұл кәсіпорындарда практикадан өту, олардың өкілдерімен жүзбе-жүз кездесу студенттердің болашақ мамандықтарының қыр-сырын терең сезініп, игеруіне, білімдерін жылдам жетілдіріп, ертеңгі істеріне етене төселуіне игі әсер етеді. Ал колледж бен жұмыс берушілердің мұндай тығыз ынтымағы өндірістік тәжірибеден өткен кезде өзін алғырлығымен көрсеткен жастардың ертең ешбір қиналыссыз жұмысқа қабылданатынына кепілдік береді. Жастардың жұмысқа орналасуына жасалған талдау түлектердің басым бөлігі өндіріске араласқанын көрсетті.
Университетте ардагерлерді, оқытушылар мен студенттерді әлеуметтік қорғаудың жақсы дәстүрі қалыптасқан. Кәсіподақ ұйымымен жасасқан ұжымдық келісімде оқытушылар мен шәкірттерге жасалатын жеңілдіктер нақты айқындалған. Үстіміздегі жылы ғана тұрмысы төмен студенттерге, жағдайларына қарай кейбір оқытушылар мен қызметкерлерге 150 миллион теңгенің көмегі көрсетілген. ЖОО-да бұрындары қызмет еткен ардагерлерді де естен шығармаймыз.
Елбасы алға қойған міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған шаралар жоспарында біз тұрмысы төмен отбасыларынан оқып жатқан студенттерге жеңілдік жасау жүйесін одан әрі жетілдіруді, қызметкерлерді материалдық қолдауды күшейтуді, ата-анасыз шәкірттерді жұмысқа орналастыруды ұйымдастыру, талантты магистранттарды, докторанттар және жас ғалымдарды қолдау жүйесін тереңдетуді, студенттер мен жас ғалымдардың академиялық ұтқырлығын жоғарлатуды, білім беру, ғылыми және инновациялық қызметтің деңгейін барынша арттыруды көздеп отырмыз.
Аталмыш еңбегінде Президент оқыту үдерісіндегі тәрбие жұмысын барынша күшейтудің маңыздылығына да назар аударған. Университеттің әлеуметтік-тәрбие жұмысының бағдарламасында сегіз қырлы, бір сырлы, жанын арының садағасы деп санайтын, жақсы маман ғана емес, елі мен жерін қастерлейтін, ерік-жігері мығым азамат тәрбиелеуге басымдық берілген. Біздің түлегіміз дені сау, көкірегі ояу, өмірдің кез келген кедір-бұдырынан қиналмай жол табатын болуы керек. Бүкіл тәрбие жұмысы осы мақсатқа бағытталған.
Өмір алдымызға күн сайын соны міндеттер қояды. Жарты ғасырдан астам тарихы бар ШҚМТУ-дың ертеңі жарқын. Біздің жоспарымызда тұрмысқа қолайлы жатақхана, спорт кешенін салу, оқу ғимаратын кеңейту бар. Болашақта 66 гектар алқапты алып жатқан студенттер қалашығы әлеуметтік жаңғырудың жарқын үлгісі болатындай тұтас кампусқа айналады.
Президентіміз ұсынған 20 тапсырманы бұлжытпай орындау Қазақстан халқы үшін абыройлы іс болмақ. Бұл біздің ұжымға да сын деп білеміз. Университет профессорлары мен ғалымдары осы бір жауапты шаруаның алғы шебінен көрінуі үшін шығармашылықпен еңбек ете береді.
Нұрлан ТЕМІРБЕКОВ,
Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан
мемлекеттік техникалық университетінің ректоры