Сенбі, 23 Қараша 2024
2740 0 пікір 18 Қараша, 2021 сағат 18:09

Жамбылдағы дауыл: бір адам қаза тапты...

17 қарашада Жамбыл облысында болған дауыл кезінде бір жасөспірім жекеменшік үйдің шатырынан құлап, сол жерде қайтыс болды. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Қайғылы оқиға Жалпақтөбе ауылында болған. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, 2004 жылы туған жасөспірім дауылдан бүлінген шатырды жөндеу үшін үй төбесіне көтерілген. Жел оны жерге құлатып, жасөспірім жедел жәрдем келем дегенше қайтыс болды.

Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, дауылдан зардап шеккен 53 адам медициналық көмекке жүгінген. Он шақты адам ауруханаға жатқызылған.

"Олардың дені терезелердің, ағаштардың, қақпалардың сынуынан зардап шеккен. Науқастардың басы, аяқ-қолы зақымданған", - деп хабарлады басқарма.

17 қарашада түнде Жамбыл облысында дауыл болды. Төтенше жағдайлар жөніндегі департамент мәліметінше, желдің жылдамдығы секундына 32 метрге жеткен. Дауылдан облыс орталығы мен ауылдарда инфрақұрылым бүлінді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5475