Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 1199 0 пікір 22 Қараша, 2021 сағат 12:52

Алматы облысы: Ұстаздар мәртебесі өсуде

Қазіргі таңда Алматы облысында 47 379 педагог қызмет істейді. «Педагог мәртебесі туралы» заң қабылданғаннан кейін былтырдан бастап мұғалімдердің еңбекақысы 25 пайызға өскен, әрі шығармашылықпен айналысуға көңіл бөлу үшін ұстаздардың апталық жүктемесі 18 сағаттан 16 сағатқа қысқарған. Мұғалімдердің еңбек демалысы бұрын 42 күн болса бүгінде 56 күнге ұзартылып, кәсіптік қызметіне кірмейтін жұмыстардан босатылды.

Ұстаздардың біліктілігі мен тәжірибесіне орай үстемақы беру белгіленген. 2018 жылдан бастап енгізіліген жаңа форматтағы аттестациялаудан Алматы облысында 19 703 мұғалім өтті. Оның ішінде 18 мектеп директоры мен 147 мектеп директорының орынбасарлары да аттестациядан өтіп, жалақыларына 30-дан 100 пайызға дейін үстемақы төленіп отыр. Жалпы білім саласында  2209 педагог-магистр жұмыс істейді. Педагогтарға магистр дәрежесі үшін 10 АЕК мөлшерінде қосымша ақы төленеді. Білім саласына ерекше көңіл бөлініп  биылғы жылы мемлекеттен 347,5 млрд теңге бөлінді.

Білім саласында жүріп жатқан реформалар мектеп ұстаздарының үздіксіз дамып, біліктілігін арттыруға үлкен мүмкіндіктер беріп отыр. Алматы облысында мұғалімдерге арналған 19 инновациялық жоба дайындалған. Соның ішінде ауыл мектептерін қала мектептеріне сәйкестендіру мақсатында «Білім сапасын арттыруда тиімді жұмыс істеу режимі», педагогикалық менеджментті жетілдіруде «Табысты басшы», «Табысты мектеп акселераторы» атты жобалар айрықша маңызға ие. Сонымен қатар, облыста пән мұғалімдерінің 27 түрлі ассоциациясы құрылып, тәжірибелі педагогтардың кәсіби қарым-қатынас жасап, дами түсуіне үлкен үлес қосып отыр.

Биыл Сарқан ауданы №1 мектеп-гимназиясының мұғалімі Т.Станкевич «Қазақстан мұғалімі – 2021» ұлттық сыйлығының 10 үздік мұғалімнің қатарына еніп, Қазақстан Республикасынан «Әлем мұғалімі» халықаралық сыйлығының іріктеу кезеңіне жолдама алған. Сонымен бірге «Samruk-Kazyna Trust» «Қазақстан мұғалімі» жобасын іске асыру шеңберінде 10 педагог 1 000 000 теңгелік шағын грант ұтып алды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5435