Жұма, 18 Қазан 2024
Жаңалықтар 2290 0 пікір 15 Маусым, 2012 сағат 17:07

Асылнұр Орынбек. Қызылжарда қызу еңбек

Қызылжар, Ынтымақ, Жиделi, бұлар  Абай ауданына топтасқан шағын аудандар. Бадам өзенiнде орналасқан елдiмекен әрi топырағы қызыл, өзен жағасы жар болғандықтан елдiмекен «Қызылжар» аталды. Соғыстан кейiн «Сталин», ал 1959 жылы ХХI партъезд совхозының «Коммунизм» бөлiмшесiне айналды. 1996 жылы совхоз тарап, Шымкент қаласына қосылып, қалалық мәслихат шешiмiмен «шағынаудан» болып бекiтiлдi. Солтүстiгi «Бекжан» базарымен, батысы-әуежаймен, оңтүстiгi Қазығұрт ауданымен шекараласады. Мұнда соңғы жылдары халықтың әл-ауқаты жақсарып, экономикасында iлгерiлеушiлiк байқалады. Онда орта мектеп, денсаулық сақтау мекемесi, балабақша, пошта орналасқан, жеке 12 сауда дүкенi, 200-ден 500 орынға дейiн 9 тойхана, 16 кафе, 8 шаштараз, 4 монша жұмыс iстейдi. Мемлекет қамқорлығының арқасында жер емген шаруа қауымы Табиғат  Ана төсiнен несiбесiн терiп, берекелi тiршiлiк кешуде. Жеке шаруа қожалықтары мал өсiрiп, көкөнiс, дәндi дақылдар егедi. Қазiр 4 өндiрiстiк «Қызылжар», «Қосдиiрмен», «Ақтас», «Қарасу» кооперативтерi жұмыс iстейдi. Шағын бизнес құрылымдары биыл өткен жылғыдан артық өнiм өндiрдi. 1500 гектар егiндiк, 1200 гектар жайылымдық жер бар. «Бекжан» базарының да осы шағынауданның жағдайының жақсаруына үлесi айтарлықтай. 3500 орында 4000 мыңға жуық адам қызмет етедi.

Қызылжар, Ынтымақ, Жиделi, бұлар  Абай ауданына топтасқан шағын аудандар. Бадам өзенiнде орналасқан елдiмекен әрi топырағы қызыл, өзен жағасы жар болғандықтан елдiмекен «Қызылжар» аталды. Соғыстан кейiн «Сталин», ал 1959 жылы ХХI партъезд совхозының «Коммунизм» бөлiмшесiне айналды. 1996 жылы совхоз тарап, Шымкент қаласына қосылып, қалалық мәслихат шешiмiмен «шағынаудан» болып бекiтiлдi. Солтүстiгi «Бекжан» базарымен, батысы-әуежаймен, оңтүстiгi Қазығұрт ауданымен шекараласады. Мұнда соңғы жылдары халықтың әл-ауқаты жақсарып, экономикасында iлгерiлеушiлiк байқалады. Онда орта мектеп, денсаулық сақтау мекемесi, балабақша, пошта орналасқан, жеке 12 сауда дүкенi, 200-ден 500 орынға дейiн 9 тойхана, 16 кафе, 8 шаштараз, 4 монша жұмыс iстейдi. Мемлекет қамқорлығының арқасында жер емген шаруа қауымы Табиғат  Ана төсiнен несiбесiн терiп, берекелi тiршiлiк кешуде. Жеке шаруа қожалықтары мал өсiрiп, көкөнiс, дәндi дақылдар егедi. Қазiр 4 өндiрiстiк «Қызылжар», «Қосдиiрмен», «Ақтас», «Қарасу» кооперативтерi жұмыс iстейдi. Шағын бизнес құрылымдары биыл өткен жылғыдан артық өнiм өндiрдi. 1500 гектар егiндiк, 1200 гектар жайылымдық жер бар. «Бекжан» базарының да осы шағынауданның жағдайының жақсаруына үлесi айтарлықтай. 3500 орында 4000 мыңға жуық адам қызмет етедi. Жанында орналасқан «Бекжан» автовокзалы   аудан, қалааралық, және Астана, Алматы, Тараз, Қызылорда бағыттарына жолаушылар тасымалдайды. Содан болар, қол қусырып отырғандардың қатары сирей түстi. Қайта азаматтардың жеке кәсiппен айналысуға ниетi жоғары. Жиделi ықшам ауданына қарасты «Берекелi 2030-К» өндiрiстiк кооперативi көкөнiс өнiмдерiн шығаруға белсене атсалысып келедi. Ауыл шаруашылығын қолдау қоры оған қолдау көрсетiп, көлемi 10 гектар болатын 100 жылыжай салған едi. Кооператив төрағасы Әлiбек Тұрымшаев 7 жыл мерзiмге 6 пайызбен лизiнгiге құны 315 миллион теңгенi құрайтын 100 жылыжайды қабылдаған. Биыл көктемде жылыжайда 100 мың түп қызанақ, 40 мың түп қияр, 40 мың түп түрлi-түстi капуста, 50 мың түп болгар бұрышы егiлдi. Пiскен алғашқы өнiмдер базарға бөлшек саудаға шығарылды. Тұрымшаевтың айтуынша, жылыжайдан жылына екi рет өнiм алынады. Осы жолы 500 тонна көкөнiс тұтынушыға жол тартады деп күтiлiп отыр. Кәсiпкер келiсiмшарт бойынша елдiмекеннiң 50-ге жуық азаматын жұмыспен қамтыды. Жалақы  35-75 мыңның аралығында. Сондай-ақ Бекжан базарының жанынан мұсылман жамағатқа арналған мешiттiң iргесi қаланып жатыр. Бұл мешiттiң сыйымдылығы 3500 адамға арналған, екi қабаттан тұрады. Мешiт ауласында автотұрақ, дәретхана және бас имамға арналған тұрғын үйдiң кiрпiшi қалануда. Құрылыс нысанына жергiлiктi бюджеттен 27 940 мың теңге бөлiнiп, «Энергостройсервис-2010» ЖШС құрылыс жұмыстарын жүргiзуде. Заман талабына сай салынып жатқан мешiт қараша айында пайдалануға берiлмек. Сонымен бiрге қаламызда бұған дейiн алты жер өткелi қала тұрғындарына қызмет көрсетiп келген болатын.Үстiмiздегi жылдан бастап Темiрлан тас жолының бойындағы «Бекжан» базарының жанында жаңа жерасты өткелiн салу жоспарлануда. Шымкент қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмiнiң мамандары жер телiмiнiң құжаттарын дайындауда. Ендi құрылысқа қажеттi қаржының бөлiнуiн күту қалды.

Соған қарамастан халық әлi тiршiлiк нәрiнен қағажу көрiп келедi. 2011 жылы 3 100 үйдiң 1200-не ауызсу құбыры тартылған. Сөйтiп 581 807 мың теңге игерiлген. Бiрақ қаржының жеткiлiктi болмауынан су құбырын жүргiзу жұмыстары бастала қоймады. Құбыр тартылмаған Ақтас елдi- мекенiнде де ауызсу мәселесi шешiлдi. Бұған дейiн 80-ге жуық үй ауызсусыз қалған болатын. Қазiр суды тасымалдап жеткiзiп берiп отыр. Қала әкiмiнiң шешiмiмен елдiмекенге 7, 5 млн. теңге бөлiнiп, насос қондырғысы орнатылмақ. Яғни «Бадам-Сайрам» магистральдi су құбыры бағдарламасы бойынша ауызсу келгенше түйткiлдi мәселе осылай шешiмiн тапты. «Жол жылының» арқасында ендi асфальт жолдың игiлiгiн көретiн күн алыс емес. Жалпы ұзындығы 11, 45 км болатын 7 көшенi жөндеуге бюджеттен 271 800 мың теңге қарастырылған болатын. Қызылжар шағын-ауданындағы атауы жоқ 6 көшеге (4, 5 шақырым), Жиделiде 3 (2, 4 шақырым), Ынтымақта 4 көшеге (3, 5 шақырым) тас төселдi. Гүлстан, Домалақ ана, Артельная, Лейнейя, Аманкелдi көшелерi жөндеуден өтпек. Көшелердi жарықтандыру жұмыстары да назардан тыс қалып отырған жоқ. Жол бойындағы мектептiң жанына бағдаршамдар орнатылды. Жарықтандыру жұмыстары алдағы жылдары да жалғасады. Осындай игi iстердiң басында жүрген шағын- аудан әкiмдiгiнiң бас маманы Жандарбек Ермаханов ақсақалдармен ақылдасып, көптеген жұмыстардың орындалуына ұйытқы болып келедi. Ауданның ахуалын, жер-суының жайын жақсы бiлетiн олар күрделi мәселелердi шешуде ақыл қосып, бағыт көрсетiп отырады.

«Абай-ақпарат»

0 пікір