Жаңаөзен талабы. Маминнің жауабы...
2021 жылдың 2 қаңтарында Жаңаөзен халқы газ бағасының күрт өсуіне наразылық білдіріп, қала орталығына шықты. Халық наразылығына қатысты президент Қасым-Жомарт Тоқаев арнайы туит жазып, Үкіметке тапсырма берген болатын.
Ал Үкімет басшысы Асқар Мамин Президент тапсырмасына қатысты жауап берді. Премьер-министрдің жауабын өзгертпестен жариялап отырмыз.
Үкімет шешімі:
-Мемлекет басшысы Қ. К. Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Үкімет Жаңаөзен қаласындағы жағдайға қатысты шаралар қабылдайды.
ҚР Премьер-Министрі А.Маминнің өкімімен Маңғыстау облысындағы әлеуметтік-экономикалық жағдайды қарастыру үшін Үкіметтік комиссия құрылды.
Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Үкімет сұйытылған мұнай газының бағасын реттеу бойынша шаралар топтамасын іске асырады.
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі АЖҚС иелеріне қатысты бағалық сөз байласу бойынша тергеуді бастады. Қазіргі уақытта Маңғыстау облысының АЖҚС иелері бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында бастамашылық тәртіппен газ құнын литріне 120 теңгеден 85-90 теңгеге дейін төмендету туралы шешім қабылдады.
Баға дәліздерін белгілеу арқылы бағаның ұзақ мерзімді тұрақтылығын қамтамасыз ету және газ бағасының алыпсатарлық көтерілуіне жол бермеудің жүйелі шаралары жүзеге асырылатын болады.
Үкімет, Маңғыстау облысының әкімдігі прокуратура органдарымен бірлесіп, қоғамдық тәртіпті бұзумен байланысты болған оқиғаны құқықтық бағалау бойынша шаралар қабылдайды.
Abai.kz