Сенбі, 23 Қараша 2024
2107 3 пікір 5 Қаңтар, 2022 сағат 08:17

Маңғыстау мен Алматыда төтенше жағдай жарияланды

Ақорда сайтында хабарланғандай, жағдайдың шиеленісуіне байланысты қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қалпына келтіру, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мақсатында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысында және Алматы қаласында 2022 жылғы 19 қаңтарға дейін төтенше жағдай жариялады.

2 қаңтарда Жаңаөзен тұрғындары сұйытылған газ бағасын түсіруді талап етіп көшеге шыққан болатын. Наразылықтар еліміздің көптеген аймақтарында жалғасты. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жағдайға үн қосып, үкіметке Жаңаөзендегі жағдайды экономикалық негізділігін құқықтық салада ескере отырып, жедел түрде қарауды тапсырған еді.

4 қаңтарда «Қазмұнайгаз» АҚ әлеуметтік жауапкершілігі аясында Маңғыстау облысында газдың литріне 50 теңгеден баға белгілеу туралы шешім қабылданғаны белгілі болды.

5 қаңтарда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев үкімет мүшелерімен, президент әкімшілігінің қызметкерлерімен және басқа да мүдделі органдардың өкілдерімен елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайы туралы жұмыс кеңесін өткізеді

Abai.kz.

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371