Министр: Шектеу шараларын күшейту керек
Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният омикрон штамына байланысты шектеу шараларын күшейту туралы айтты.
"Эпидемиологиялық жағдай нашарлағанын, омикрон штамы айналымын ескере отырып, шектеу шаралары күшейтілді:
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу пункттерiнде екпе мәртебесiне қарамастан, шетелден келген барлық азаматтан теріс ПТР-сынама көрсеткiшiн талап ету мiндеттi;
Ashyq-та "жасыл" мәртебесі болған жағдайда ғана қызметіне рұқсат етілетін нысандар тізбесі кеңейтілді;
Өңірлердегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты оқушыларды, студенттерді оқытуда жекелеген тәсіл қолданылады", - деді министр үкімет отырысында.
Ол шектеу шараларын енгізу әр өңірдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты дифференциал түрде жүргізілетінін айтты.
Abai.kz