Сенбі, 23 Қараша 2024
1736 0 пікір 19 Қаңтар, 2022 сағат 12:48

Еліміздің барлық аймағындағы төтенше жағдай алынды

Қазақстанның барлық өңірінде төтенше жағдай режимі алынып тасталды. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді.

"Осылайша, бүкіл ел аумағы қалыпты өмірге оралады. Төтенше жағдай кезіндегі қоғамдық тәртіпті қорғауды күшейту және еркін жүріп-тұруға, елді мекендерге кіруге және шығуға, т.б. қосымша енгізілген шектеу шаралары да жойылады.

Халықтың бірлігі мен тұтастығының, құқық қорғау органдары мен әскерилердің жанкешті іс-қимылдарының арқасында Қазақстанның барлық аумағында тәртіп пен тыныштық қалпына келтірілді. Елімізде әрқашан бейбітшілік пен игілік болсын!" - деп жазды Берік Уәли Facebook-те.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5435