Дүйсенбі, 14 Қазан 2024
2539 0 пікір 19 Қаңтар, 2022 сағат 12:57

«ӨКМ Операторы» ЖШС-ның қызметі тоқтатылды

Үкімет «ӨКМ Операторы» ЖШС-ның қызметін тоқтату туралы қаулы қабылдады. Бұл туралы Премьер-министрдің ресми сайты мәлімдеді.

«ӨКМ Операторы» ЖШС-нің утилизациялық алымды әкімшілендіру және тиісті қаражаттарды басқару шеңберіндегі қызметі тоқтатылды. Утилизациялық алым қаражаты есебінен құрылған активтер мемлекет меншігіне берілді. Өндірушілердің кеңейтілген міндеттемелерін әкімшілендіру функцияларын мемлекеттік ұйым – «Жасыл даму» АҚ орындайтын болды»,– деп жазды баспасөз қызметі.

ӨКМ Операторы тетігі жұмыс істеген бес жыл ішінде кәдеге жарату алымын төлеудің жалпы сомасы 579 миллиард теңгеден асқан еді.

Abai.kz

0 пікір