Сенбі, 23 Қараша 2024
Айтқыш екен 5598 6 пікір 20 Қаңтар, 2022 сағат 14:11

Линь Бяо және Зора туралы әзіл...

Мао Цзэдунның ізбасары саналған маршал Линь Бяо 1971 жылы самолетпен шетелге қашып бара жатқан жерінен атып өлтірілді.

Сол-ақ, екен, бүкіл Қытай көлемінде Линь Бяоны сынау, қылмысын әшкерелеу науқаны дүр етіп басталады да кетеді. Қытай астанасы Пекиннен бастап, ауыл-ауылға дейін асқақ ұрандар көтеріліп, мемлекетке, компартияға опасыздық жасаған Линь Бяоның жеті әкесін жездей қақтайды...

Дәл сондай жиналыстың бірі Іле қазақ автономиялы облысының орталығы Құлжа қаласында өтеді.

Әдебиет пен өнердің өкілдері қатысқан сол жиналыста облыстық партия комитетінің секратары Линь Бяоның қылмысын әшкерелеген ұзақ баяндама жасайды.

Секратардың баяндамасы басталғаннан бастап, облыстық театрда музвкант болып қызмет істейтін Зора деген әкесі дүнген, шешесі ұйғыр әйел әлсін-әлсін қол көтеріп, кейде орнынан атып тұрып, сөз сұрай береді.

Партком секратары баяндамасын ақырластыра салып, бірден Зораға сөз береді. Не айтар екен деп, жұрт та Зораның аузына құлақ түреді, жым-жырт бола қалады.

Бірінші болып сөз алған Зора мінбеге жүгіріп шығып:

– Мен осы Линь Бяоның оңбаған, бұзық екенін баяғыда білгемін, бірақ айтудан қорыққам! – депті.

Линь Бяо бір жақта қалады, бүкіл зал күлкі дауысынан жарылып кете жаздайды...

Бұл әңгімені маған кезінде Іле қазақ автономиялы облыстық театрда сол Зорамен ұзақ жыл қызметтес болған қазақтың аса көрнекті кино әктері Мүтәліп Әбдрахманұлы ағам айтып беріп еді.

Байқаймын, Кәрім Мәсімов қамалып, Тимур Құлыбаев қызметтен кетіп еді, дәл осындай жағдай бүл күндері біздің арамызда да болып жатқан секілді. Несін айтасың, біздің де «Зоралар» жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтай жамырап шыға келді, тіпті қаптап кетті...

Ал, біз сол екеуінің оңбаған жандар екенін білдік және кезінде шамамыз жеткенше атын атап, түсін түстеп тұрып жаздық та...

Ауыт Мұқибек. Қазақ көшi осымен тоқтаса, Кәрiм Мәсiмов екiншi Голощекин атанады

Құлыбавтан құтылмай, Парламентке күн жоқ!

Қазақ көшіне қарсылардың күні батты...

Ауыт Мұқибек

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3243
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5395