Сенбі, 23 Қараша 2024
2039 0 пікір 24 Қаңтар, 2022 сағат 13:46

QazaqGaz ҰК басшысы міндетін атқарушы тағайындалды

QazaqGaz АҚ басқарма төрағасының міндетін атқарушы болып Ибулла Серді тағайындалды. Бұл туралы ақпарат Қазақстан қор биржасының сайтында жарияланды.

"QazaqGaz АҚ KASE-ге директорлар кеңесінің 14 қаңтардағы шешімімен компания басқармасының құрамына мынадай өзгерістер енгізілді:

- Шәріпбаев Қ.Қ. басқарма төрағасы қызметінен босатылды;

- Серді И.Ж. басқарма төрағасының міндетін атқарушы болып тағайындалды.

Енгізілген өзгерістерді ескере отырып, QazaqGaz АҚ басқармасы жеті адамнан тұрады: Серді И.Ж., Сүлейманов Р.Э., Жанұзақ Т.Ж., Абайылданов Б.К., Хван В.Б., Сәйтиев А.Б., Абдуллин Р.С.", - делінген хабарламада.

Бұрынғы басшысы Қайрат Шәріпбаев QazaqGaz ҰК басқарма төрағасы қызметінен бір апта бұрын кеткен болатын.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371