Сенбі, 23 Қараша 2024
3369 3 пікір 25 Қаңтар, 2022 сағат 16:53

Қазақстан кімдерге қарыз?

Қазақстанның сыртқы қарызы $166 млрд-тан асып кетті.

Ұлттық банктің 2021 жыл 1 қазанындағы мәліметі бойынша Қазақстанның сырқы елдерге қарызы $166 млрд-тан асқан. Бұл 2020 жылмен салыстырғанда 5,6 млрд доллорға көп.
Қарыздың негізгі бөлігі - 97,8 млрд доллорды фирмааралық қарыздар құрайды.
Бұл ретте Ұлттық Банктің міндеттемелері $806 млн-нан $3,05 млрд-қа дейін ұлғайған. Өсім 278,4% құрайды.
Басқа секторлардағы қарыз 7 пайызға, яғни  43,9 млрд доллорға өскен.

  • Мемлекеттік басқару органдары  – 15,9 млрд доллор;
  • Банктер  - 5,7 млрд доллор;
  • Тау – кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді игеру- 86,1 млрд доллор;
  • Мемлекеттік басқару және қорғаныс секторының міндеттемелері- 16 млрд доллор;
  • Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет – 13,7 млрд доллор;
  • Өңдеу өнеркәсібі – 12,5 млрд доллор;
  • Денсаулық сақтау, ойын – сауық және әлеуметтік қызметтер салаларында – 258 миллион доллар;
  • Сумен жабдықтау – 173 миллион долларға өскен.

Қазақстанның ең көп берешек елі – Нидерланды. Ол 44,1 млрд доллорды құрап,бір жыл ішінде ол 1% - ға қысқарған. Одан әрі Ұлыбритания,еліміздің оның алдындағы берешегі 21,8 млрд доллор,  халықаралық ұйымдар – 12,8 млрд доллор , АҚШ – шамамен 12,8 млрд доллор және Франция – 11,7 млрд доллор.
Сонымен қатар, Қазақстанның Ресейге берешегі 10,8 млрд доллор , Қытайға  9,9 млрд доллор, Бермуд аралдарына 9,5 млрд доллор, Жапонияға 5,5 млрд доллор және Гонконгқа қарызы 4,2 млрд  доллордан асты.

Еліміздің БАӘ-не  2,4 млрд доллор, Швейцарияға 2,4 млрд доллор Германияға  2,3 млрд доллор қарызы бар.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371