«Самұрық-Қазына»: кімдер қызметінен кетті?
"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорының төрт еншілес компания басшылары қызметінен босатылды. Бұл туралы "Самұрық-Қазына" АҚ сайты жазды.
2022 жылғы 24 қаңтардан бастап өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды:
"Самұрық-Қазына Инвест" ЖШС бас директоры Аслан Сұлтановтың,
Samruk-Kazyna Construction АҚ басқарма төрағасы Болатқан Сандықбаевтың,
"Самұрық-Қазына Контракт" ЖШС бас директоры Алмас Ақыловтың,
"Самұрық-Қазына Бизнес Сервис" ЖШС бас директоры Серікбек Елшібековтің.
Abai.kz