Дүйсенбі, 14 Қазан 2024
3410 3 пікір 26 Қаңтар, 2022 сағат 12:19

Таң атпай тұтқындалғандар

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік Экология вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов пен  "ӨКМ операторы" басшысы Медет Құмарғалиевтің ұсталғанын растады.

«Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов пен «ӨКМ оператор» ЖШС басқармасының төрағасы Медет Құмарғалиевтің ұсталғанын растады», - делінген ведомство хабарламасында. .

Олар «сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасады» деген күдікке ілінді, екеуі де елорданың уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Abai.kz

3 пікір