Жұма, 15 Мамыр 2026
3620 0 пікір 26 Қаңтар, 2022 сағат 12:31

Түрксіб ауданында антитеррор операциясы өтуде

26 қаңтар сағат 00:00-ден 27 қаңтар 00:00-ге дейін Алматы қаласы Түрксіб ауданы аумағында антитеррорлық операция режимі енгізілді. Терроризмге қарсы күрес жөніндегі қалалық жедел штаб ұйымдасқан қылмыстық топтың бес жетекшісі мен мүшелерінің ұсталғанын хабарлады.

Күдіктілер қаңтардың 4-і мен 6-сы аралығында Алматыда мемлекеттік мекемелер мен коммерциялық нысандарға жасалған қарақшылық шабуылға қатысқан. Ұстау кезінде қару-жарақ (тапаншалар, шолақ мылтықтар, патрондар), ұнтақ тәрізді зат және ерекше иісі бар таблеткалар тәркіленді.

"Құқық қорғау органдарының жұмысына түсіністікпен қарауларыңызды, заң талаптарын қатаң сақтауларыңызды сұраймыз", – делінген Алматы қалалық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штаб таратқан хабарламада.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Өлген кітаптар

Тұрдыхан Айдарханұлы 2733
Әне, көрдің бе?

Американың қаржылық жүйесін кімдер ұстап тұр?

Бейсенғазы Ұлықбек 1851