Жұма, 22 Қараша 2024
Билік 3273 11 пікір 26 Қаңтар, 2022 сағат 14:31

Депутат: «Сапарбаев зейнетке шығуы керек!»

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Әбілфас Хамедов Қазақстан халқы Ассамблеясының дөңгелек үстел отырысында Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевты қызметінен босатуды ұсынды, – деп хабарлайды Mnews.kz сайты.

Айтуынша, депутат өткен айда әріптестерімен Жамбыл облысына барған. Бірақ, олар әкімді де, оның орынбасарын да кездестіре алмаған.

– Мен тағы екі депутатпен 20-21 желтоқсанда Жамбыл облысына бардым. Бірақ, ол жерде әкімді де, оның орынбасарын да кездестірмедік. Республикада халық бетпе-бет келген мәселелер көп. Жамбыл облысының әкімі зейнетке шығуы керек. Орнына жастар келсін, қоғамның мәселелерін шешсін, – деді Әбілфас Хамедов.

Белгілі болғандай, Жамбыл облысының әкімі депутаттарды физикалық түрде қабылдап үлгермеген.

«Бұл күндері облыс басшысы аудандарда іс-сапармен жүрді. Сондықтан депутаттарды күте алмады» деді облыс әкімінің баспасөз қызметіндегілер.

Abai.kz

11 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5322