Қайыржан ТӨРЕЖАН. Дәрігерлердің безгектен қайтыс болғанын жасырмақ болыпты
Оңтүстік Қазақстан облысында бірнеше адам Конго-қырым геморрагиялық безгек ауруына шалдығып, оларды емдеген екі дәрігердің қайтыс болуы фактісіне қатысты облыстық прокуратура қылмыстық іс қозғады.
Оңтүстік Қазақстан облыстық прокуратура баспасөз қызметінің хабарлауынша, облыстық денсаулық сақтау басқармасындағылар тұрғындар арасында безгектің жаппай таралғанын жасырып, аса қатерлі аурудың алдын алумен айналыспаған. Безгекпен ауырып түскен адамды емдеген облыстық аурухананың дәрігері З.Қабдиевтің қазасынан кейін де аурудың шығу себебін жедел анықтап, вирустың адамдар арасына таралмау шараларын жасамаған. Тек прокуратура араласқаннан кейін ғана Қырым безгегінің ошағы пайда болған Түркістан қаласына санитарлық-эпидемиологиялық басқармадан, облыстық денсаулық басқармасынан мамандарды аттандырған екен.

Прокуратураның анықтамасы бойынша, маусымның 24-і күні Түркістан қаласындағы перзентханада босанған 23 жастағы әйел бес күннен кейін қан тоқтамай, ауруханаға қайтадан түскен. Шілде айының басында қалалық орталық ауруханасының хирургі Сайлаубек Ђскенбаев оған операция жасаған. Қан тоқтамаған соң сол күні Шымкенттен келген қан тамырлары хирургі Зейнолла Қабдиевтің қатысуымен тағы бір операция жасалады. Алайда ертесінде жаңа туған бала, тағы бір күннен кейін анасы қайтыс болған. Шілденің 9-ы күні операция жасаған хирург З.Қабдиев, 11 шілдеде хирург С.Ђскенбаев Шымкенттің ауруханасында қайтыс болады. Екеуінің де диагнозы – Конго-қырым геморрагиялық безгегі. 10 шілде күні Түркістан қалалық ауруханасына перзентхананың неонатолог-дәрігері Шынар Бақбергенова осындай диагнозбен түседі. Сол күні перзентханада акушер-гинеколог дәрігер болып істейтін Нұрбол Ђтепберген ауруханаға жатқызылады. Бұл екеуі де безгектен қайтыс болған әйел мен жаңа туған сәбиге медициналық көмек көрсеткен болып шықты. Ескі Иқан ауылының тұрғыны Мамадазима Алимұратұлы Қырым безгегі диагнозымен ауруханаға жатқызылған. Осы жағдайды біле тұра облыстық денсаулық сақтау басқармасы аурудың дер кезінде бетін қайтарып, алдын алмаған. Осы факті бойынша Оңтүстік Қазақстан облыстық прокуратура Қылмыстық кодекстің 267- бабы, 2-тармағы бойынша (санитарлық-эпидемиологиялық ережені бұзу, жаппай індетке, кісі өліміне жол беру) бойынша қылмыстық іс қозғады.
Қайыржан ТӨРЕЖАН
“Айқын” газеті