Жұма, 22 Қараша 2024
Ел іші... 5660 13 пікір 27 Қаңтар, 2022 сағат 14:28

Мәсімов ісі – «Аса құпия» іс екен...

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов пен оның орынбасары Әнуар Садықұлов мемлекетке «опасыздық жасау» бабы бойынша күдікке ілініп, «билікті күшпен басып алу» бабы бойынша тергеу изоляторына қамалған болатын.

Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті: «К.К. Мәсімов пен А. Т. Садықұловқа қатысты күзетте ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қабылданды. Д.Е. Ерғожинге қатысты бұлтартпау шарасын таңдау мәселесі қарастырылуда», - деп хабарлады.

Олардың қылмыс туралы құжаттарына «аса құпия» таңбасы басылған. ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері жария етілмейді.

Сондай-ақ, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Мәсімовке қатысты қылмыстық іс ҚР Қылмыстық кодексінің үш бабында көзделген қылмыс белгілері бойынша тергеліп жатқанын хабарлады. Күдіктілерге мемлекетке опасыздық жасау және билікті күшпен басып алуға немесе Қазақстанның Конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге бағытталған әрекеттерден басқа, өздеріне я болмаса басқа адамдарға немесе ұйымдарға пайда мен артықшылық алу үшін, болмаса басқа адамдарға немесе ұйымдарға зиян келтіру мақсатында «билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану» деген айып тағылған.

2022 жылдың 6 қаңтарында ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов пен басқа да адамдар ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Олардың үстінен ҚР ҰҚК ҚР Қылмыстық кодексінің 175-бабы 1-бөлігі бойынша «мемлекетке опасыздық жасау» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастаған болатын.

Аталмыш қылмыстарды жасады деген күдікпен ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары – «А» арнайы мақсаттағы қызметінің бастығы Әнуар Садықұлов пен ҰҚК төрағасының орынбасары Дәулет Ерғожин де ұсталды. 10 қаңтарда Марат Осипов пен Дәулет Ерғожин ҰҚК төрағасының орынбасарлары қызметінен босатылған болатын.

Айжан Темірхан

Abai.kz

13 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5321