Жұма, 22 Қараша 2024
2809 0 пікір 27 Қаңтар, 2022 сағат 14:39

Қырғызстан электр энергиясын импорттауды тоқтатты

Бішкек Түркіменстан мен Өзбекстаннан электр энергиясын импорттауды тоқтатты.

Бұл туралы Қырғызстанның энергетика министрі Досқұл Бекмұрзаев хабарлады. Оның айтуынша, бұның ішкі қажеттілікті қамтамасыз етуге ешқандай әсері болмайды. Импортты тоқтатуға Орталық Азия біріккен энергетика жүйесіндегі апат себеп болған. Жүйе жөнделген соң электр энергиясын импорттау қайта жалғасады. 25 қаңтарда күндіз Орталық Азия энергетика жүйесінде ірі апат болды.

Қырғызстанның барлық дерлік өңірі, Қазақстанның оңтүстігі және Өзбекстанның шығыс аймақтары бірнеше сағат жарықсыз отырды. Апаттан соң бұл елдер біріккен жүйеден ажырап, дербес жүйеге ауысты.

Қырғызстан билігі Тоқтоғұл қоймасындағы суды үнемдеу мақсатында 2021 жылы Қазақстан, Өзбекстан және Түркіменстаннан 2 млрд киловатт-сағаттан астам электр энергиясын импорттады. 2022 жылы Қырғызстан бұдан көп электр энергиясын сатып алады. Бішкек Қазақстанмен, Өзбекстанмен және Түркіменстанмен 3 млрд кВт/с электр энергиясын импорттауға келісіп қойды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5313