2021 жылы Өзбекстан 281 млн долларға көлік сатқан
2021 жылы Өзбекстан 10 елге 281,8 миллион долларға 28 952 автокөлік экспорттады. Бұл туралы Өзбекстан Республикасының Мемлекеттік статистика комитеті хабарлады.
2020 жылмен салыстырғанда жеңіл көліктердің экспорты 10 401-ге өсті. Сонымен қатар өткен жылы 809 электромобиль импортталған.
Өткен жылдың қорытындысы бойынша сыртқы сауда айналымы 42,1 млрд АҚШ долларын құрады, бұл 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (16%-ға өсім) 5,8 млрд долларға артық.
Экспорт $16,6 млрд құрады, ал импорт $25,5 млрд құрады. Нәтижесінде сыртқы сауда айналымының сальдосы - 8850,4 млн доллар көлемінде пассивті қалдықты құраған.
Abai.kz